Абай облысындағы 3 баланың өлімі: Алғашқы сот отырысы өтті

Oinet.kz 26-08-2025 109

Абай облысындағы 55 жастағы жүргізуші алты баланы қағып кеткен жол-көлік оқиғасы бойынша алғашқы сот отырысы өтті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_11.jpg

Сот отырысы барысында ер адамға эпилепсия диагнозы қойылғаны белгілі болды. Ол "Д" санаты бойынша есепте тұрған, аталған санат ұстамасы жиі ұстап қалатын адамдарға тағайындалады. Сот күдіктінің жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. 

Кейін жүргізуші аурудан айыққанын дәлелдей алса және оны сараптама растаса, шешім қайта қаралуы мүмкін. Ондай болмаған жағдайда күдікті жүргізуші куәлігінен айырылады. 

Еске салсақ, 19 тамызда Абай облысында көлік бір топ баланы қағып кетіп, үш бүлдіршін мерт болып, тағы үш бала жарақат алған еді. Жол апатында жараланған екі бала санитарлық авиация арқылы Астанаға әкелініп, қаладағы №2 көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Жол апатында зардап шеккен тағы бір бала санитарлық авиациямен Семейге жеткізілді. Қазір ол анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бастапқыда баланы облыс орталығына жеткізу өміріне қауіпті болғандықтан мүмкін болмаған. Дәрігерлер тексерулер мен бақылаудан кейін оның жағдайын әуе тасымалына жеткілікті деңгейде тұрақты деп танып, Семейге көшіру туралы шешім қабылдады.

Балаларды қағып кеткен жүргізуші ұсталып, қамауға алынды. Медициналық сараптама оның жол-көлік оқиғасы кезінде мас болмағанын көрсетті.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің сардары– Нышанов Нұрбек Садықбекұлы 63 жаста!
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу