Шымкентте тағы бір басқарма басшысы ұсталды
Шымкент қалалық әкімдігіне қарасты тұрғын үй басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбековтың ұсталғаны туралы ақпарат таралуда. Бұл туралы белгілі журналист М.Козачков телеграмдағы каналында жазды.
Оның жазуынша, басқарма басшысы Астанада ұсталған. Оған қызмет бабын теріс пайдаланды деген айып тағылған. Қылмыстық істі Ұлттық қаупісіздік комитеті жүргізіп жатыр.
Әзірге құзырлы органдар бұл ақпаратты растаған жоқ.
Жуырда Шымкентте сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы А.Әбдешев те сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айыппен ұсталған болатын. Н.Жүнісбеков 2023 жылдан бастап Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарған. Биыл жыл басында басқарма екіге бөлінді. Н.Жүнісбеков жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. Биыл наурыздың соңында ол жоғарыда аталған тұрғын үй басқармасының басшысы лауазамына келген болатын.