Электронды темекі шылымды тастауға көмектесе ме?

Oinet.kz 05-12-2019 1216

Электронды темекіні понс-сигара немесе е-сига-рета деп те атайды. Ол кәдімгі темекіге қарағанда ау-ырлау және ұзындау. Ортасына батарейка мен нико-тині бар картридж салынады. Батарейка картриджді қыздырып, никотиннің буы шығады. Бұл бұйымның бағасы арзан емес. Қуат бергіш құрылғысымен бірге 14-35 мың теңге аралығында. 

Screenshot_19.jpg

Электронды темекілер-ді 2003 жылы гонконгтық Ruyan Group Ltd компаниясы шығарып, патенттеген екен. Сатып алушылар аз болғандықтан маркетологтар тың идея тауып, бұл темекіні шылым шегуді тастағысы келетіндерге ұсынған. Десе де, мамандар осы электронды темекінің құрамын тыңғылықты зерттеп үлгермегенге ұқсайды. Яғни, жан-жақты зерттеуден өтпей тұрып көпшілікке тарап кеткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы электронды темекіні пайдалануға үзілді-кесілді қарсы. Мұндай темекілерде никотиннің мөлшері өте көп болғандықтан, керісінше, адамның ағзасының улануына себеп болады, электронды темекі шылым шегуден бас тарту тәсілі емес, керісінше ол денсаулыққа елеулі нұқсан келтіреді деп есептейді. Сондықтан да құрамы күмәнді темекіге әуес болмаған жөн.

Әлемдегі ең ерекше 6 пластикалық ота
Ашығу пайдалы ма әлде зиян ба?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу