Әлемдегі ең ерекше 6 пластикалық ота

Oinet.kz 05-12-2019 1115

Әлемде сіз білмейтін талай қызық бар. Медицина саласы мұндай қызықтардан кенде емес. Сіздердің назарларыңызға әлемдегі ең ерекше 8 пластикалық отаны ұсынамыз:

Screenshot_18.jpg

1. Көз импланты

Американдық Bright Ocular компаниясы силиконды нұрлы көз қабықшасын ойлап тауып, оны науқастарға сәтті орнатып келеді. Бұл қабықша бастапқыда жұқа, икемді эндопротез болатын. Осы арқылы нұрлы қабықшалары жартылай яки толықтай жоқ науқастарға, сонымен қатар қабықшасысында ақауы барларға (гетерохромия және көз альбинизмі) көмектеспек болды.

Дегенмен, бұл эндропротез тек науқастар арасында ғана емес, дені сау адамдар арасында да танымалдыққа ие болды. Сау адамдар өздерінін көздерінің табиғи түсіне көңілдері толмай, оны басқа түске өзгерткісі келді. Контакты линзаға қарағанда мұндай импланттар өзінің ыңғайлығымен жұртты өзіне тартты. Нұрлы қабықшаны еш қиындықсыз алып тастап, орнына жаңасын қоюға болады (бұл процедура бар болғаны 15 минутты алады. Ешқандай наркозсыз жасауға болады)

2. Өсуін ешқашан тоқтатпаған кірпіктер

Түкті фолликулдарды тек қана басқа ғана емес, сонымен қатар дененің басқа да жерлеріне, тіпті көз қабағына да егуге болады. Бір қызығы, бұл фолликулдардың жылдам өсетіні сонша, науқастар көз кірпіктерін жиі қысқартып отыруға мәжбүр. 

3. Скальпель ұшындағы тағдыр

Хиромантия ғылымына ерекше мән беретін жапондар алақан сызықтарына да ота жасайтын көрінеді. Бұл ота Жапонияда өте танымал екен. Адамдар лазерлі скальпель арқылы алақандарындағы сызықтарды өшіріп, орнына жаңасын сызып жатады. Осы арқылы олар тағдырларын өзгерткісі келеді. Себебі, хиромантия ғылымына сенсек, алақандағы сызықтар адам тағдырына зор әсерін тигізеді. Дегенмен, алақандарындағы сызықтарын өшірген соң, ота жасатқан науқастардың тағдыры қаншалықты өзгерді, бұл жөнінде зерттеу жүргізілмеді. Әйтсе де, науқастар өз-өздерін сендіру (самовнушение) арқылы тағдырларын дұрыс жағынан өзгертті деп сенейік.

4. Эльф құлағы

Спок құлағы немесе эльф құлағы – қазіргі таңда боди-модификацияға қызығатын жастар арасында кең танымалдыққа ие. Кезінде «Властелин колец» фильмі экранға шығып, миллиондаған көрермендерді өзіне баурап алған болатын. Сол фильмде Эльф патшалығында өмір сүретін тұрғындардың құлағының жоғары бөлігі үшкір болып келеді. Дәл осы формадағы құлақ көрермендерге өз әсерін тигізді. Аталған фильмнен соң, көптеген адамдар пластикалық хирургтарға жүгініп, құлақтарын эльфтердікіндей істеп беруді өтінді. 

Дегенмен, көптеген хирургтар дәл мұндай ота жасаудан үзілді-кесілді бас тартумен болды. Бұдан кейін қу құлқынын ойлаған білігі төмен хирургтер аталған отаны жасырын түрде жасауды бастап кетті. Бірақ, оталардың басым бөлігі сәтсіз шығып, науқастардың құлағындағы ота орнына инфекция кіріп, ауруханан төсегіне таңылған сәттері аз емес. 

5. Айыр тіл

Тіл бифуркациясы – жасырын түрде заңсыз ота жасайтын кабинеттерге кең таралған. Яғни, адамдар тілдерінің ұшын жыландікіндей екіге айырғысы келеді. Осыны сән көретіндер аз емес. Мұндай отаны қос тілмен туған-туыс, дос-жарандарын қорқытқысы келетін, көпшілік ортада ерекшеленгісі келетін жасөспірімдер жасатады екен. Өздеріңізге белгілі, жасөспірімдер өтпелі кезеңде өмірден өз орындарын іздеп, кейбірі теріс жолға түсіп, түрлі көзқарастар жетегінде кетеді. Мұндай жасөспірімдер көлеңкелі бизнеспен айналысатын хирургтардың жұмыстарын қыздырып тұр. 

6. «Покертокс» - ботокс арқылы блеф

Бұл ота кәсіпқой покер ойыншыларына арналған. Себебі, покер ойыншылары үшін бетіндегі сезімді жасыру өте маңызды. Егер ойын үстінде покершінің қасы қозғалса немесе маңдайы қыртыстанса, көзінің айналасы дірілдесе, онда ол партияны ұтылды. Өйткені, тісқаққан қарсыластары оның бет әлпетіндегі қозғалыстарға қарап-ақ қолында қандай карта барын болжай береді. Сондықтан да, покер ойыншылары осындай қиындыққа тап болмас үшін пластик хирургтарға барып, беттерін тарттырып жатады. Дегенмен, бұл көп жағдайда көмектеспегесін, американ хирург-маманы Джек Берди ботокс инъекциясының жаңа түрін ойлап тапты. Бұл ботокс адамдның бет жүзіндегі қимыл-қозғалысты толықтай «жауып» тастайды. Бұл өмірде тым тиімсіз болғанымен, кейбіреулер үшін ойын – өмір. Амирикада құмар ойын ойнайтындар өте көп. Осыған байланысты Джек Бердидің алды клиенттерден ешқашан босаған емес.

Дәрі неге кейде әсер етпейді?
Электронды темекі шылымды тастауға көмектесе ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу