Лазерлік эпиляция қаншалықты қауіпсіз?
Денедегі түктерден біржолата арылу – қыз-келіншектің арманы. Лазерлік эпиляцияға жүгіну арқылы күн сайын қырыну арқылы теріні тітіркендірудің немесе жоспарлы эпиляция үшін түктің жеткілікті өсуін күту қажеттілігі қалмайды. Алайда, аппараттық эпиляцияның жақсы тұстарымен қатар, сіз біле бермейтін зиянды тұстары да жоқ емес.
Процедура қалай жүзеге асады?
Лазерлік эпиляция - бұл жарық сәулесінің көмегімен шаш фолликулаларын бұзудың заманауи технологиясы. Лазер – аса күшті әдіс болғандықтан эпиляция сеанстарының саны фотоэпиляциядан аз болады. Процедура кезінде жоғары температура фолликуланы бұзады, ал онсыз шаштың өсуі мүмкін емес. Бірақ кейде жұқа түктер қайта пайда болуы мүмкін, оны кейінгі сеанстарда қайта өлтіреді.
Лазердің міндеті - шашты фолликулды жою немесе шаштың жоқ қалпын ұзақ сақтау. Шаш негізінен қайта қалпына келу қабілетіне ие. Бұл қалпына келтіру мерзімі әдетте 1 жылдан 8 жылға дейінгі уақытты қамтиды.
Лазерлік сәуле қалай жұмыс істейді? Ол шаш өзегінде және шаш фолликулында орналасқан меланинге (жоғары молекулалық пигменттерге) әсер етеді. Жұтылған лазерлік жарық өзінің әсерінен шаш өзегін бұзатын жылуға айналады. Диодты лазер тек белсенді фолликулдарға әсер етеді, бірақ 3-5 аптадан кейін ұйықтайтын баданалар "оянады" және келесі сеанстарға бұзылатын жаңа шаштар өседі. Осылайша, артық шаштар толық жою үшін пациенттің фототипіне байланысты орта есеппен 4-6 сеанстар қажет. Лазердің жарқылы – бұл теріге бағытталған жарық шоғыры, оған меланин, шаш өзегі бар пигмент, әсер етеді. Меланинді жою үшін ұзындығы 700-800 нм интервалындағы толқын қолданылады. Осындай толқынның арқасында ол меланинды қыздыру арқылы, шаш фоликулына жетеді.
Эпиляция кезінде лазерлік сәуленің ену тереңдігі 1-4 мм құрайды, ол тек түкті фолликулға дейін жетеді, содан кейін толығымен шашырайды және ешқашан терінің тереңдігіне енбейді. Лазердің әсері кезінде тек шаш шамдары жойылады.
Қолданылатын лазердің түріне байланысты әсері де әртүрлі:
· Александрит лазері. Процедура барысында шаш фоликулдары толықтай жанып кеткендіктен, денеде сәл ауыртпалық пайда болады. Дегенмен процедура аяқталған соң, тері нәзік қалпына оралады.
· Диодты лазер. Ол шашты күйдірмейді, тек фолликулдың өзін бұзады, ал денедегі шаш процедурадан кейінгі 10-14 күн аралығында өзі түсіп қалады.
Лазермен артық шашты эпиляциялау дененің кез келген бөлігінде, оның ішінде бет және терең бикини сезімтал аймақтарында да жүргізуге болады. Лазерлік эпиляция – бұл қажетті нәтиже алғанға дейін курспен жүргізілетін процедура. Әдетте, курс 4-тен 6 процедураға дейін жүргізіледі.
Лазерлік эпиляция қаншалықты қауіпсіз?
Эпиляцияғы арналған лазер - ол ең жоғарғы, 4-ші қауіптілік класының жабдығы. Оның жарқылдары көздің торына өте зиянды. Егер де дәрігер процедура кезінде сізге қорғаныс көзілдірігін кигізбесе, оны міндетті түрде талап етіңіз. Пациентке процессті көрудің қажеті жоқ, білікті маманды таңдасаңыз, нәтижесін уайымдамасаңыз болады.
Егер де қажетті нұсқаулықтар толығымен орындалған болса, лазерлік эпиляция мүлдем қауіпсіз және ешқандай жанама әсерлерін тудырмайды. Лазерлік эпиляция курсын 18 жастан бастап қана өтуге болады. Қарсы көрсетілімдер жүктілік және онкологиялық аурулар болып табылады. Процедураның қаншалықты жеңіл өтуі пациенттің жеке ауырсыну шегіне байланысты. Лазерлік эпиляция кезіндегі сезімдер жағымсыз болуы да мүмкін. Алайда, денедегі аса сезімтал орындар үшін (бикини, қолтық) кейбір жағдайларда ауырсынуды басатын жақпамайлар қолданылады.
Әрине, балауыздау мен механикалық депиляцияда ауырсыну әлдеқайда басым келеді. Бірақ үздік нәтиже үшін нәзік жандылар аталған процедуралардан бас тартпайды. Айтпақшы, электр және биоэпиляция әлдеқайда ауыр.
Лазерлік эпиляция ашық түктілерге көмектеспейді.
Сәуле қанық пигменттегі шаш фолликулына ғана әсер етеді, яғни ашық, сары, мамық шаштарды көрмейді. Сондықтан, егер сіз табиғатыңыздан аққұба болсаңыз, онда эпиляция сізге көмектесе алмайды. Ағзадағы гормональды бұзылулар кезінде де мұндай процедура дәрменсіз.
Басқа әдістермен салыстырғанда лазердің артықшылықтары қандай?
Вакуумды күшейту технологиясы бар заманауи диодты лазермен шашты жою артықшылықтарының арасында келесі негізгі ерекшеліктерді атап өтуге болады: процедураның ауыртпалығын, оны жүргізудің жылдамдығын, жоғары тиімділікті және, әрине, көп жылдық зерттеулермен расталған қауіпсіздікті.
Жазда лазерлік эпиляция жасауға болады ма?
Көптеген адамдар көшеде жарқын күн жарқыраған кезде лазермен эпиляция жасау қауіпті емес деп ойлайды. Бұл клиникада қолданылатын лазерлік аппаратқа байланысты. Лазерлердің көпшілігі ультракүлгін сәулеленумен үйлесімді емес, күйік алу және гиперпигментация қаупі бар. Сонымен қатар, олар, танымал александрит лазерін қоса, күйген теріге және ашық шашта жұмыс істей алмайды. Жылдың кез келген уақытында және кез келген фототип терісінде қолдануға қауіп жоқ жалғыз аппарат — диодты light Sheer Duet лазері, ол ең лазерлер қарағанда аз агрессивті жұмыс істейді. Шаш пен терідегі нысана-жасушалар мен меланинге нақты әсер ету арқасында лазердің бұл түрі күйік пен пигментация тудыруы мүмкін емес.
Эпиляция шаштарды мәңгілікке жояды ма?
Лазерлік эпиляция курсынан кейін кейбір пациенттерде әлсіз шаштар пайда болуы мүмкін, оларды жою үшін клиникаға жылына бір рет келуге болады.
Аталған процедураны мамандар үй жағдайында жасауға кеңес бермейді. Себебі лазерлік эпиляция маманның білімі мен тәжірибесін талап ететін өте маңызды процесс. Сәуле дұрыс қолданылмаған жағдайда теріні күйдіріп алу қаупі бар.
Неліктен процедура бірнеше курстан тұрады?
Адам денесіндегі көрінетін түктер саны шаштың жалпы санының 10-20%-ын ғана құрайды, ал қалған 80-90% өсу сатысында (телоген). Сондықтан да қаншалықты білікті маман болса да, ең жоғарғы қуатты аппараттар қолданылса да дене түктерін 1-2 процедурадан кейін жою мүмкін емес.
Процедуралар арасындағы аралық 3-5 аптаны құрауы тиіс. 2 аптадан кейін қайталанған процедураларға келудің қажеті жоқ, мұндай интервал сіздің келуіңіздің саны мен жиілігін арттыру мақсатында ғана тағайындалады, бұл ретте процедурадан айтылған межеден жиі бару нәтижелілікке әсер етпейді. Тек 3 және 5 апта аралығында ғана денеде телогендер өсіп шығады және лазер сол фолекулдарды жоюға бағытталуы қажет.
Егер де пациент 1 процедураға келе алмайтын жағдай туындаса, онда тұрған ештеңе жоқ. Процедураны әрі қарай жалғастыра беруге болады. Көптеген салондар өз пациенттерін келмей қалған жағдайда курста қайта бастау қажеттілігін айтып, қорқытып жатады. Алайда ол мүлдем олай емес.
Пациентке тағайындалған қажетті процедуралар саны күрт өзгеруі де мүмкін. Өйткені, лазерлік эпиляция да медициналық рәсім болғандықтан, 100% кепілдік бере алмайды. Гормональды фонға және көп мөлшерде түк өсуінің жеке бейімділігіне байланысты курс кейбір жағдайларда 12 тіпті 14 процедураны құрауы мүмкін, бірақ 90% жағдайда 6-8 сеанс жеткілікті болып жатады.
Гормональды өзгерістер кезінде лазерлік эпиляцияны қолдануға болады, бірақ мұндай жағдайда курстан кейінгі кез келген нәтижеге дайын болыңыз. Кейбір жағдайда шаш өсуін тоқтатпауы мүмкін.
Курс аяқталғаннан кейін қалпына келетін фолликулдарды жою үшін жылына 1-2 қолдаушы процедурадан өтіп тұру қажет. Мұндай процедуралар қол жеткізілген нәтижені ұзақ уақытқа сақтауға мүмкіндік береді.
Жалпы, лазерлік эпиляция денедегі қажетсіз түктерден арылудың заман талабына сай тексерістерден өткен соңғы және үздік процесс. Кез келген басқа да косметикалық процедуралар секілді лазерден кейінгі нұсқаулықтар мұқият орындалған жағдайда, сіздің қажетті нәтижеге қол жеткізетініңіз анық.