Санаңа жақсы көңіл-күй бағдарламасын енгіз

Oinet.kz 10-10-2019 1448

Znalezione obrazy dla zapytania хорошое настроение

Өмір кейде алдыңа қап-қап проблемалар мен шешімі табылмайтын істер әкеліп сені терең ойдың тұңғиығына батырады. Ол стресс, депрессия...

Адамның проблемаларын жаза берсең әлемде бар қағаз беттеріне де сыймайтындай көп. Өзіңді бақытсыз сезінемін десең себеп көп. Дегенмен бақытты болу үшін де себеп жетерлік.

Сүйіктің сенен кетті ме? Қаймықпа! Өмірде бір адамның орнын келесісі алмастыруы заңдылық. Егер де ол кетсе, түсін, ол сенен ара-қатынастарыңдағы алғашқы сызат түскенде-ақ кетіп үлгерген. Сен онымен емес, өз сезімдеріңмен болдың.

Бірқалыпты өмір шаршатты ма? Алайда бұл тыныштықтың кепілі. Ал егер саған ол ұнамаса өзгеріс енгіз. Басқа да істермен айналыс. Сүйікті ісің болуы міндетті емес. Тек өзгерт, өміріңді.

Көбірек қуан. Қарапайым нәрселер үшін. Автобустың уақытылы келгені үшін, досың жұмысқа орналасқаны үшін, күн шыққаны үшін, қарнық тоқ екені үшін қуан. Бұлардың ешқайсысы болмаған жағдайда да жай ғана күлімсіре.

Өзіңе  күнді еріншектік күні етіп арна. Сенің миыңа да кейде пауза қажет. Оны тіршіліктен бір сәт босат. Ештеңе істеме, тіпті әлеуметтік желілерден де бос бол.

Баяу әуен қосып, көзіңді жұмып демал. Тек жақсы жайттарды, оң өзгерістер жайында ойлан.

Ойыңдағыларды бөлісетін ешкім жоқ болса, күнделік арна да, жаман ойларыңды, мұң, қайғы бәрін де сол ақ қағаз беттеріне ақтар. Олар айтқаныңды тез ұмытады. Сен де біршама жеңілдеп қаласың.

Сырғаны қалай таңдау керек?
Аяқ қақсағанда не істеу керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу