Сырғаны қалай таңдау керек?

Screenshot_33.jpg

Сырға - әйелдің бетін әдемі қып әрлейтін затСондықтан сырғаны таңдағанда, қайсы әдемі болса, соны емес, өзіңізге үйлесетінін таңдауға тырысыңыз.

Алдымен беттің пішініне назар аударамыз. Сырға таңдағанда, сырғаның пішіні мен оның тасына мән берген жөн. Мысалы дөңгелек, үлкен тиек іспетті сырғалар бетті сырт көзге үлкейтіп көрсетеді. Дөңгелек пішінді бетке ұзын сырғалар әдемі жарасады. Беті ұзын пішінді нәзік жандылардың домалақ сырғаларды таққандары жөн. Сары шашты, көзінің түсі ашық қыздар ашық тастары бар сырғаларды, ал қара көзділер жылы түстес тастары бар сырғаларды таққаны жөн. Қара шаштыларға ашық түсті тасы бар сырғалар жарасады. Алтын сырғалар барлық қыздарға үйлесе кетеді.

Жұмысқа

Жұмысқа сіздің іскерлік образыңызды ашатын сырға таңдау керек. Ол алыстан көз тартатындай болмағаны дұрыс. Кеңсеге кішкентай дөңгелек сырғалар, ұқыпты тұратын гауһар тасты сырғаларды тағуға болады.

Кешкі отырыс

Жарқыраған қымбат сырғаларды кешкі отырыстарға, театрға, қонаққа барғанда тағып барған жөн. Жалт-жұлт еткен әшекей кешкі отырыстың ажарын ашады. Олар жұмыс күнінде, күндізгі уақытта өзінің ажарын жоғалтып алады. Кешкі отырысқа тағып баратын сырғаңыз міндетті түрде көзге түсетіндей болуы керек.

Қайталанбайтын іс-шараларға

Егер сіз арнайы кездесулерге, көптен күткен ерекше шараларға баратын болсаңыз, этикетті сақтаңыз. Мүмкіндігінше, сырғаңыз қымбат металдан жасалып, сіздің әшекейлеріңізбен сәйкесуі керек. Осындай аса қымбат сырғалардың тым құрыса біреуі сіздің аксессуарларыңыздың арасында болса, қайталанбас кештерге осы сырғаны ұялмай тағып бара аласыз.

Күнделікті тағатын сырға

Образыңызға сай келетін сырғаны таңдаңыз. Кешкі отырысқа тағылатын сырғаны супермаркетте тағып жүрсеңіз, сіздің талғамыңызға сын. Сондықтан, қандай сырғаны таңдасаңыз да, көшенің атмосферасымен сай келсін.

Қымбат сырғалар

Сырға қымбат металдан да, арзан металдан да жасалады. Күмістен, алтыннан, платинадан және платина металдарынан (палладий, рутений, осмий, родий, иридий) жасалған сырғалар қымбат сырғалар болып есептеледі. Бұлардың бағасы да сәйкесінше қымбат. Сондықтан, осындай сырғаларды сатып алғанда, міндетті түрде сынақтан өткізіңіз.

Қымбат сырғалардың сынамалары:

Алтын: 999, 958, 750, 585, 500, 375.

Күміс: 999, 960, 925, 875, 830, 800.

Платина: 950, 900, 850.

Палладий: 850, 500.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тіс пастасына арналған лайфках
  • Артрит және артроз ауруларының алдын алу жолдары
  • Зергерлік бұйымдарды тазалау әдісі
  • Бала ұйқысыздығымен күресу жолдары
  • Арман-мақсаттарымызбен бөлісуге болады ма?
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика