Түркия елінде оқығыңыз келсе...

Oinet.kz 08-10-2019 3523

Screenshot_1.jpg

Түрік еліне оқуға ниеттілер үшін 2019-2020 оқу жылына әдеттегідей гранттар бөлінуде. Өтінімдер 15 қаңтар-20 ақпан аралығында онлайн түрінде қабылданады. 

Бакалаврға 01.01.1999 жылдан кейін туылғандар қабылданады. 

Магистратураға 01.01.1989 жылдан кейінгілер түсе алады.

Доктарантураға 01.01.1984 жылдан кейін туылғандар қабылданады. 

Бағдарламаға қатысу кезеңдері:

1. Онлайн құжат тіркеу

Бірінші кезеңнен өту үшін бакалаврға түсуші талапкерлерге аттестат бағасы, магистратура мен докторантураға тапсырушыларға диплом транскрипті (GPA) керек;

Мектеп бітірген түлектердің аттестаты мен ҰБТ-дан алған көрсеткіші орта есеппен 75%-дан жоғары болуы тиіс;

Медицина мамандығына тапсырушы түлектердің (Бакалаврға) аттестат пен ҰБТ-дан алған көрсеткіші орта есеппен 90%-дан аз болмауы тиіс;

Магистратура мен Докторантураға тапсырушылардың диплом бағасы (GPA) 75%-дан жоғары болуы тиіс;

Жеке жетістіктер;

Мінездеме, ұсыныс хат;

Халықаралық сынақтар көрсеткіші GMAT, IELTS, TOEFL (егер болса).

Талапкерлерге жалған мәлімет беруге қатаң түрде тыйым салынады. Екінші кезеңге өткен-өтпегені жөніндегі хабар қатысушының электронды мекенжайына жолданады. Егер талапкерді үздік деп тапса, сұхбаттасуға шақырады.

2. Ауызша сынақ (сұхбаттасу)

Екінші кезеңде талапкерлермен көзбе-көз сұхбаттасады. Бұл жерде талапкердің білім деңгейі, ғылыми жұмыстары және жарияланған мақалалары қаралып, ойы, мақсаты, жеке көзқарасы, таным-түсінігі сараланады. «Неге Түркияда оқығың келеді?», «Қандай мамандықты таңдадың? Не себепті?», «Таңдаған мамандығыңа қосар үлесің?», «Түркияда қандай тақырыпта магистрлық немесе докторлық диссертация қорғайсың?» деген тәрізді сұрақтар қойылады. Бұдан басқа емтихан алынбайды.Конкурс кезінде студенттердің оқу үлгерімі, жетістіктері, сертификаттары қаралады. Егер сарапшылардың көңілінен шығып жатсаңыз, сіздің поштаңызға оқуға шақырту қағазы келеді.

Стипендия ұсынады:

Транспорттық шығындар (оқуға алғаш келу мен оқу бітіріп қайтқандағы ұшақ билеті);

Ай сайынғы шәкіртақы (бакалавр - 700 TL, магистратура - 950 TL, доктарантура - 1400 TL);

Толық оқу ақысы;

Бір жылдық түрік тілі курсы;

Жатақхана;

Медициналық сақтандыру;

Таңғы және кешкі ас тегін беріледі.

Қосымша мәліметтерді «Түркия бурслары» бағдарламасының жеке сайтынан (www.turkiyeburslari.gov.tr) алуға болады.

Ит тістеген жағдайда...
Егіздердің анасы болуды қаласаңыз...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу