Егіздердің анасы болуды қаласаңыз...
Егіз балалы болу әйелдің бір мезгілде бірнеше ұрықты сіңіру мүмкіндігіне тікелей байланысты. Екі жұмыртқадан пайда болатын егіздер тұқым қуалайтын болса, бір жұмыртқадан пайда болатын (полярлық) егіздердің тұқым қуалау оқиғасы осы күнге дейін әлі тіркелмеген. Полярлық егіздер, яғни бір-бірінен айнымайтын егіздер – өте сирек кездесетін егіздер түрі. Жартылай гендері бірдей (анасынан), екінші жартысы әртүрлі (әкесінен) сол себепті, оларды жартылай идентті деп те атайды. Ұрықтанбай тұрып бір жұмыртқада болып, полярлық бір денені, яғни бір жасушаны құрайды да әдеттегідей өліп қалады. Кейбір жағдайда полярлық дене өсіп, өлмеуі мүмкін. Бір-бірінен айнымайтын бір жұмыртқалы яғни, бір ұрықтың екіге жарылып, екі бірдей тіршілік иелерінің пайда болуына не әсер ететініне әлі күнге дейін ғалымдар нақты жауабын бере алмай келеді. Бір жұмыртқалы балаларды туу ешқандай сыртқы (экологиялық, физикалық, химиялық) және мұрагерлік (гендік) факторларға тәуелді емес. Статистика әрбір 1000 жүктіліктің үшеуі бір жұмыртқалы жүктілік болады дейді. Бұдан бөлек, түрлі жұмыртқалы, екі жұмыртқа жасушалары екі түрлі ұрықпен аралас ұрықтанатын және өте сирек кездесетін екі түрлі ер адамнан екі жұмыртқа ұрықтану түрлері табиғатта кездеседі екен.
Дәрігерлердің айтуынша бала туылған сайын егіздер туылуына мүмкіндіктер көп болады. Яғни, жатыр қабаттары өскен сайын ана егіздеп бала табуға қабілеті артады екен. Жасына қарай егіздер 35-39 жастағы аналардан көп туылады. Себебі дәл осы жаста әйелдің бойындағы гармондары нағыз күшіне мінетінін ғалымдар дәлелдеп шыққан. Және көктем мезгілінде ұрықтанған балалардың арасында егіздер көп туылады дейді ғалымдар.
Ғалымдар егіздеп бала табудан әлем бойынша көш бастап келе жатқан Нигериядағы йоруба халықтарының әйелдері немен тамақтанатынын зерттеген екен. Олар бұл құпияның шешімін ямс көкөнісінен тапты. Бұл көкөніс тұрғылықты халықтың негізгі асы. Ямстың химиялық құрамы әйелдің эстроген гармонымен ұқсас келеді екен. Көкөністегі көп мөлшердегі жоғары концентрациялық зат гонадотропин гармондарын өндіруге ықпал ете алады. Екеуінің бірлесуінен бірнеше жұмыртқа пайда болатын көрінеді.
Ғалымдардың мәлімдеуінше некедегі бір жұптың 80 баланы дүниеге әкеліп, оның біреуінде ғана егіздер тууына себепкер бола алады екен. Яғни, адамда егіз туудың жиілігі орташа есеппен алғанда 1 % шамасында болады, олардың 1/3 бір жұмыртқалы егіздер. Өмірге егіздерді әкелуді мақсат тұтсаңыз алдымен көп балалы ана немесе әке атануыңыз абзал.
дереккөз: psu.kz