Ит тістеген жағдайда...

Oinet.kz 08-10-2019 5324

Znalezione obrazy dla zapytania если укусила собака

Ежелгі Египетте ит қапқан адамды емдейтін ерекше тәсіл болған. Олар құтыруды емдеу үшін науқасқа сол иттің бауырын қуырып беріп, иттің тісін адамның тістелген жеріне таңады.

Егер сізді ит тістеген болса, бірінші медициналық пунктке барып жарақатқа алғашқы көмек алу қажет. Бұл жануар үй иті немесе қаңғыбас ит болды ма маңызды емес. Себепсіз агрессия тек ауру иттерде ғана пайда болады.

Егер сізді ит тістеген болса дәрігерге хабарласыңыз. Ит сілекей арқылы адам ағзасына құтыру вирусын түсіруі мүмкін. Құтыру - алғашқы белгілері пайда болған сәттен бастап екі апта ішінде өлімге әкелетін қорқынышты ауру. Алайда, ит тістеген адам дереу дәрігер көмегіне жүгінсе, түрлі қауіп-қатердің алдын алуға болады.

Znalezione obrazy dla zapytania если укусила собака

Дәрігерге бару.

Ауыр тістеу және қатты қан кету кезінде жедел жәрдем шақыру қажет.

Ағзаға кіргеннен кейін құтыру вирусы барлық жүйке жүйесін зақымдай отырып, жүйке ұштары бойынша таралады.

Ауру құтыру вирусын жұқтырғаннан кейін 9 күннен кейін басталуы мүмкін, бірақ симптомдар пайда болғанға дейін 30-60 күн де өтуі ықтимал. Вирус зардап шегушінің бас миына жақын болған сайын, симптомдар пайда болғанға дейін аз уақыт өтеді.

Адамда құтырудың бастапқы кезеңі қалыпсыз температурамен, мазасыздықпен, бас ауруымен, тәбеттің жоғалуымен және құсумен басталады. Ауруға қабыну және жарадағы шаншу да тән қасиет. Мидың қабынуы өршиді және ауру инфекцияның дамуына қарай құтырудың паралитикалық түріне өтеді.

Вирустың болуын сілекей, жұлын сұйықтығы немесе несептің сынамасын ала отырып, арнайы зертханалық тесттер барысында тексереді.

Егер инфекция ағзаға түссе, Сізге КОКАВ вакцинасын (5 жасқа дейінгі балалар жамбасына) иыққа енгізеді. Алайда, тістеуге қарсы вакцинаны тістеген сәттен бастап 14 күннен кешіктірмей салу қажеттігін есте сақтау керек, сондықтан дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз. Вакцинацияның толық курсы үш айға созылады және алты ине салуды қамтиды.

Znalezione obrazy dla zapytania если укусила собака

Үйде жараны өңдеу.

Егер тістеу алаңы кішкентай болса және сіз қысқа уақыт ішінде үйге жету мүмкіндігіңіз болса, онда алғашқы көмек көрсету іс-шараларын өзіңіз жүргізсеңіз болады. Тек сіздің немес туыстарыңызды алғашқы көмектен хабары болса ғана. Ол үшін бірнеше минут бойы сабынмен жараны жуу керек. Содан кейін жараны сутегі тотығымен (перекись водорода) өңдеңіз, ал жараның зақымданбаған шеттерін йодпен шайыңыз. Дегенмен, құтыру жұқтырудың жоқтығына көз жеткізу үшін дәрігерге бару керек.

Znalezione obrazy dla zapytania деньги за материальный ущерб

Моральды, материалды шығынды өтеу.

Егер сізді үй иті тістеген болса, онда жануардың иесінен сот арқылы материалдық зиянның орнын толтыруды талап етуге болады. Бұл дәрі-дәрмекке және емдеуге жұмсалған ақшалай қаражатты өтеу саналады. Келтірілген зиянның мөлшерін дәлелдеу және анықтау үшін дәрі-дәрмектердің барлық чектерін жинап, ауруханада жатқаныңызды айқындайтын куәлікпен бірге сотқа беруге тура келеді.

Адамды бақытты ететін, көңіл-күйін көтеретін, денсаулығын нығайтатын 31 кеңес
Түркия елінде оқығыңыз келсе...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу