1 қыркүйектен бастап Қазақстанда шәкіртақы мөлшері өсуі мүмкін

Oinet.kz 15-06-2022 829

Қазіргі таңда үкіметте шәкіртақыны көбейту мәселесі талқыланып жатыр. Қаулыға өзгерістер енгізу жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Screenshot_13.jpg

"Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 қаулысына өзгеріс енген жағдайда, 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап шәкіртақы мөлшері қаншаға өседі?

Өзгерістер қабылданған соң, түрлі бағытта білім алатын студенттер шәкіртақысының көлемі мынадай болмақ:

ЖОО-ларда білім алатын студенттер – 36 660 теңге;

Педагогикалық бағыттағы ЖОО-ларда білім алатын студенттер – 58 800 теңге;

"Денсаулық сақтау" бағыты бойынша білім алатын студенттер – 58 800 теңге;

Интерндер – 61 660;

Магистранттар – 86 987 теңге;

"Назарбаев университетінің" магистранттары – 162 500 теңге;

Докторанттар – 195 000 теңге;

Резидент-дәрігерлер мен "Денсаулық сақтау" мамандығы бойынша білім алушылар – 100 036 теңге.

Ал колледждер мен арнайы техникумдарда білім алатын студенттердің шәкіртақысы өзгеріссіз қалмақ. Олар 21 787 теңге көлемінде шәкіртақы алады. Айта кетелік, егер студент семестрді үздік бітіретін болса, шәкіртақы көлемі тағы 15 пайызға артады.

Біреудің дүние-мүлкін тартып алып, бөлісуден аулақпын – Тоқаев
Павлодарда Қытай азаматының денесі табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу