Өзіңізді қалай жұмыс істетуге болады?
1. Орынды өзгерту. Басқа бөлмеде (немесе кеңседе) жұмыс жасаңыз, мониторды басқа бағытқа бұрып, орындыққа отырыңыз, мүмкін болса серуендеңіз. Жай ғана күнделікті үйреншікті дүниелерден бас тартыңыз.
2. Бұл кішігірім медитация. Өзіңізге таймерді 25 минутқа орнатыңыз және осы уақытта ешнәрсеге алаңдамаңыз. Мүлдем. Әңгіме, пошта немесе әлеуметтік желілерді ұмытыңыз. Сіз 25 минут ішінде қанша жұмыс жасай алатындығыңызға және сіздегі өнімділіктің қаншалықты жоғарылағанына таңқалатын боласыз.
3. Жұмыс орныңызды ретке келтіріңіз. Бұл көңіл-күй көтерілуіне көмектеседі.
4. Бір-екі қарапайым жұмыстарды жасаңыз. Өз күшіңізге деген сенім сізге оралады және сіздің миыңыз күрделі мәселелерді шешуге бейімделеді.
5. Дауылдатыңыз. Егер сіз ештеңе туралы ойлай алмасаңыз, олай болса ойыңызға келген ең түсініксіз заттардың өзін қағазға түсіріңіз, орныңыздан түрегеліп кофе ішіп келіңіз. Жазғандарыңызды қайта оқыңыз. Мүмкін сізге жаңа идеялар келеді.
(автормен тексерілген)