Аз қаражатпен қымбат көріну мүмкін бе?
Қымбат көріну деп босқа жазылған жоқ. Бұл көпшілік қыздың ұмтылысы биік белесі. Иә, қыздар қымбат етіп көрсетуге құмартып тұрады. Тіпті жәй дүкеннен бір жейде алғанның өзінде 7000 деп айтылса 5300 теңге тұратынын түсіне беріңіз. Бағасы нақты айтылатын жайттар неге әлі қызыл кітапқа енгізілмегенін...
Жоқ, бәрі дұрыс. Неге ұмтылмасқа? Өзімізді өзіміз көтермесек, қалтамыз көтермейтін түрі бар.
Баптылық. (ухоженность)
Бабыңда болу үшін қымбат процедуралар қабылдап, қалта көтермейтін қымбат косметикалық заттарды қолдану қажет емес. Дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану кей адамдарды «Әлем аруы» еткен.
Минималды мейк-ап.
Жарқанаттың қанатындай кірпік, ара шаққандай ерін ешкімді еліктірмейді, тек сіздің сол түрдегі өзіңізге көзіңіз үйреніп кетеді. Минималды макияж тек негізгі иісмай, далаптан тұрады. Сіз аз макияжбен әдемірек көрінесі, бетіңіздің дефектілердің орнын ғана толықтырыңыз, күнде кешкілік макияж жасау кейде бос әурешілік, себебі көп қыздар макияжсыз әдемірек көрінетін өздері де байқамайды. Оның үстіне артық сүрілген әр косметика сізге жас қосатыны бар.
Бір түсті маникюр.
Қымбат салондарға ақшаңыз жетпесе, үй жағдайын тырнақтарыңызды ретке келтіріңіз. Егер тырнақ пішіні өзіңізге ұнамаса, кішкене өсіріп біркелкі бояу жақсаңыз, өте ұқыпты көрінеді.
Базалы киімдер.
Ақша аз кезде, ең базалық киімдерді алу қажет. Youtube желісіне кіріп база киімдері қандай болатынын іздесіріңіз. Әдетте ол кәстөм, классикалық шалбар, бос тұратын жейде, бір түсті киімдер. Ештеңеге үйлеспейтін трендтегі киімдерді былай қойыңыз да, ешқашан трендтен кетпейтін біркелкі түстегі киімдерді сатып алыңыз.
Шаш.
Шашыңызға қажетті күтімді беріңіз. Шаш бірқалыпты, ұқыпты жиналып, жайылып тұрса, таза болғаны дұрыс. Шашыңызды жууды ешқашан ертеңге қалдырмаңыз. Әрқашан иісі жақсы сусабын таңдаңыз.
Жинақылық.
Жинақы көрінетін адамдар магнит секілді, үнемі өздеріне тартып тұрады. Жинақылық қалай? Біркелкі үйлесімді киім, тазалық, ұқыпты таңдалған аяқ киім, шашыңыз таза болуы.