Жақсы әдеттер қалыптасырыңыз!
Су ішіңіз.
Таңертеңгілік кофе, шәйді суға алмастырыңыз. Тек судың бөлме температурасында болуы қажет екендігін қадағалаңыз.
Фреш ішіңіз, смузи.
Кез келген үйіңізді бар көкөніс, жеміс, йогурт, блендерге салып араластыра берсеңіз смузи болып шығады. Атына қарап ресторанда жасалатын тамақ екен деп ойлаудың қажеті жоқ. Смузи деген қарапайым сығынды.
Жоспарлаңыз.
Келесі күніңізді жоспарлаңыз. Ойыңыз ешқашан ойыңызды бос ұстамаңыз. Сіздің жоспарыңыз көп болған сайын, сізде жаман не қайғыратын ойларға орын қалмайды.
Көкөніс жеңіз!
Көкөністі құрғақтай жеу өте пайдалы, тіпті жуаны, сарымсақты. (соңғысы өтірік болатын) Қызанақ, қияр, сәбіз, бәрінде дерлік ағзаңызды азықтандыратын дәрумендер жетерлік.
Рақмет айтыңыз.
Өмірңізде рақмет айтатын күніне кем дегенде үш нәрсе бар болар. Оларды еске алып, рақмет айту сізді моййыныңыздағы ауыртпалықтардан арылтады.
Мұзды таң.
Таңертең бір тал мұзбен бетті сүрту, бет теріңізді керемет сергітеді екен. Әсіресе, мұзды түймедақпен араластырсаңыз, тіпті керемет. Бізде түймедақ табу оңай емес, бірақ.
Тексеріліңіз.
Өз-өзін, өз денсаулығын үнемі дәрігерге тексертіп тұратын адамдардың өмірі ұзақ болады. Ұзақ өмір сүру жайлы әлі ойламайтын боларсыз, дегенмен сәл қартая бастағаннан-ақ ұзақ өмірді қалайтын боласыз.
Дәрумендер алып ішіңіз.
А,В,С дәрумендерін арнайы сатып алып, ішіп көрдіңіз бе? Ал олардың небәрі 50-60 теңге тұратынынан хабарыңыз бар ма? Ал пайдасы қаншама.
Ұйықтар алдында тамақтанбаңыз.
-деген режимді қарастырмағанымыз дұрыс болар.
Фильмдер, сериалдар қараған да тиімді.
Әлеуметтік желілердегі «ғұламалар» фильмдерді, сериалдарды қараудың бос уақытын өлтіру екенін атып, жар салып жатады. Дегенмен сериалдардан өмірлік мәні бар дәрістерді де алуға болады. Біз білмейтін терминдерді үйренуге, қызықты мәліметтер алуға, тіл үйренуге...