Әдемі ұрысу жолдары
Үлгілі жанұя сіз үшін - ұрысып көрмеген, тату, идеалды отбасы делік, ал шындығында қиялыңыздағыдай отбасы жоқ. Кез-келген шаңырақта екі түрлі психологиялық субъект яғни келіспеушілік міндетті түрде болады. Орын алған түсініспеушіліктер кезінде, ұрысудың да өзіндік тактикалары бар. Сіздерге әдемі ұрысу жолдарын ұсынбақпын.
- Отбасы, туыстармен, жұбайлардың арасында болатын кикілжіңдерді олардың жүрегін жараламай шешіңіз.
- Жеке шекарасын аттамау.
- Жеке басына қатысты мəселемен намысына тимеу.
- Мазақ етіп,былапыт сөздермен даттамау.
- Жарыңызға: - көңілге тиетін сөздер айтып, артық кетіп жатсам, есіңде болсын, «Мен сені қатты жақсы көремін. бар болғаныма рақмет» - осы секілді жүрек жылытар сөздерді жиі айтып жүріңіз.
- Өткен істерін айналдырып əкеп бетіне баспау.
- Бүкіл мәліметті ақтарып,архивты қопарып алдына əкелудің керегі жоқ! Олай етсеңіз,сол кездегі басынан өткерген жағымсыз эмоцияларды есіне саласыз.Одан əрі сізден көңілі суып, сіздің де айыбыңызды ақтарып,өзін ақтап алуға тырысады.
- Сен бүйткенсің! Үнемі осындайсың! Отбасыңды ойламайсың,- деген сөздердің орнына нақты шешілмей тұрған істің шешілуіне ықпал жасаңыз .
- Санаспаңыз. Жасағандарыңызды артығырақ көріп,тізбектемеңіз. Әйелдер үйіне салым салса,еңбегі сіңе бастаса оны айтып, міндет етіп шығады. Күйеуінің өзі сияқты отбасына көбірек табыс әкелгенін қалайды. Десек-те, шаңырақтарыңызды бəсекелестік,шайқас алаңына айналдырғанша,күйеудің ұсақ-түйек жақсылығына мəн бере отырып, жасап жатқандарыңызды ең алдымен Аллаһтан қайтады деп, əрі өзіңізге қажет болғаны үшін жасағаныңызды ойлаңыз .
- « МЕН» хабарламасын қолдану. Келесі тарапты сынап, мін тағып, кінəсін көрсетуге талпынғаныңызбен өзін ақтап, сізді кінəлау үшін мəселе табуына жол ашасыз да, ұрысты ұлғайтып жібересіз. Оның орнына, « Маған осы жағдай ауыр тиді», «Жүрегім ауырды», «Мені осы ісің қатты қапаландырды» дегендей ол адамға сигнал əдемірек,тік найзадай болып баратын әсерлі сөздерді қолданыңыз.
- Ең жақын адамдарына сөз тигізбеу. Осы қағиданы әрдайым назарға ұстап жүріңіз.
- Ашуын еркелікпен басыңыз.
- Асан Пердешовтың: - Ашуланып ұрсамда тұрады ол күліп,- деп ән жолдарында айтылғандай,келіспеушілік кезінде сыңғырлаған күлкіңізді ақылдылығыңызбен пайдаланыңыз.