Ойнеттен ас мәзірі. Әзірбайжан ұлттық тағамдары

Oinet.kz 15-08-2019 3177

Screenshot_6.jpg

 Овдух (Әзірбайжанша окрошка)                                                   

-  Мацони 200гр; 

- су 1 стақан;

- қияр 2 дана;

- Аскөк, укроп, кинза, сарымсақ;

- жұмыртқа 1 дана;

- қой еті. 

   Дайындау тәсілі:

1. Моцариге су құйып сұйылтып алыңыз. 

2. Қайнатылған көкеністерді, етті, жұмыртқаны  майдалап турап, дайын болған моцаримен араластырасыз. 

3. Тоңазытқышқа салып қойыңыз. 

4. Үстіне аскөк, сарымсақ, кинза сеуіп сәндеңіз. 

 Screenshot_7.jpg

  Фирни 

- 5 ст. ұн;

- 500мл сүт;

-  құмшекер;

-  маргарин;

- жарты қасық тұз, корица.

     Дайындалуы өте жеңіл. Әзірбайжан фирниі - ботқа секілді, таңғы асқа ішетін тағам түрі. 

Screenshot_8.jpg

 Тұшпара (әзірбайжанша)

- қой еті;

-  ұн 2ст;

- жұмыртқа 1дана;

- жуа 2дана;

- маргарин;

- сірке суы;

- жалбыз;

- кинза;

- талғамдарыңызға қарай тұз ж/е бұрыш;

  Дайындалу әдісі:

1. Тұшпараның қамырын дайындаңыз. 

2. Салманы үйде талтылған жентектен де, дүкеннен сатып алынған жектектен де жасауға болады. Бірақ, үйде жасалған жентек әлдеқайда дәмдірек. Себебі, майлы емес тауық еті мен пияз қосылған тұшпара нәзік, әрі шырынды болады. Жентек дайындау үшін тауық етін кесектерге бөліп, ет тартқыштан өткізіңіз.

3. Пиязды ұсақтап, қолмен тураңыз.

4. Тартқыштан өткізілген етке пиязды салып, бұрыш, тұз. жалбыз, кинза  сеуіп жақсылап аралыстырыңыз. Сірке суын шай қасызтың шамамен 4/1 ғана қосыңыз. 

5. Осылайша өз талғамыңызбен дөңгелек етіп тұшпара түйесіз.  Дайындап болған соң бетіне маргарин жақсаңыз дәмі ерекше болады. 

6. Түйілген тұшпараларды ұн себілген тақтайға жинаңыз. Егер көп мөлшерде жасасаңыз тұшпара тізілген тақтайды мұздатқышқа қойып, оларды қатырыңыз. Содан кейін мұздатылған тұшпаларады пакетке салып, мұздатқышта сақтаңыз.

7. Жаңа түйілген немесе мұздатылған тұшпараны тұз қосылып қайнатылған суға салып, шамамен 7 минут пісіріңіз. Піскен тұшпаралар судың бетіне қалқып шығуы керек.

8. Тауық еті қосылған тұшпараны қалауыңызға қарай тұздық, қаймақ, көкөніс қосып жесеңіз болады.

Screenshot_10.jpg

Долма

- қой еті;

- күріш;

-  жуа;

- аскөк;

- жүзім жапырағы;

- сұйық май;

- талғамдарыңызға қарай тұз,бұрыш,корица.

 Дайындалуы:

 1. Еттартқыштан өткізіліп дайын болған етке пияз, тұз, бұрыш сеуіп, араластырасыз. 

2. Жүзім жапырағын суға ұқыпты түрде, жақсылап араластырыңыз.

3.  Жентекті жапыраққа салып,  сопақша етіп түйесіз. 

4. Кастрөлге долма түйдектерін салып, қайнаған судың буына шамамен 35-40минут  бұқтырып,  пісіресіз. 

   Ендеше, астарыңыз дәмді болсын!

Әдемі ұрысу жолдары
2019 жылдағы трендті маникюр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу