Әзербайжанның Гянджа қаласына зымыран түсті (видео)

Oinet.kz 17-10-2020 1073

Армения қарулы күштері Әзербайжандағы екінші ірі қала Гянджаны зымыранмен атты. Салдарынан 12 адам қаза тапты, 40-тан аса адам жарақат алды. Оқиға 17 қазанға қараған түні болды. Бұл туралы Әзербайжан президентінің көмекшісі Хикмет Гаджиев мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz Sputnik-Әзербайжан порталына сілтеме жасап. 

image.png

20-дан аса ғимарат қирады, көптеген азаматтық инфрақұрылым нысандары мен қала автокөліктері зардап шекті. Бас прокуратура оқиға болған жерде жәбірленушілердің тізімін нақтылау бойынша тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Әзербайжан тарапының мәліметінше, Гяндж қаласына СКАД (Р-17) жедел-тактикалық баллистикалық зымыраны атылды.

image.png

image.png

image.png

image.png

image.png

Сондай-ақ, Хикмет Гаджиевтің айтуынша, Әзербайжанның әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері Мингячевир қаласына жоспарланған зымыран соққысының алдын алған. "Олар оқ жаудырып, қалаға жіберілген баллистикалық зымыранды жойды", - деп хабарлайды haqqin.az.

Өз кезегінде Армения СІМ өкілдері Әзербайжанның пилотсыз ұшақтары жұмада Армения аумағына соққы жасағанын хабарлайды. Бұл туралы Sputnik-Армения жазды.

Қарағандылықтар коронавируспен ауырмас үшін ит етін жей бастады
Мемлекет басшысы Ресей Қорғаныс министрімен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу