Студенттерге жұмыс іздеуге нұсқаулық
Ақша студент үшін тыныштық. Кез келген студент терең тыныстап жүруі үшін қалтасында артық тиын тебен жүргенін қалайды. Осы мақсатпен студент екі катергория бойынша жұмыс іздейді.
Оңай ақша, жеңіл жұмыс.
Тұрақты карьерлік өсуді қамтамасыз ететін.
Әрине, таңдау сізден, ал нұсқаулық бізден.
Студент жұмыс іздегенде ең алғаш қайда барады? Ешқайда! Алдымен ол өзіне қандай жұмыстың ыңғайлы екенін анықтағаны жөн.
Ескеруіңіз қажет:
Уақыт
Студенттің уақыты оқу тарапынан есептеулі. Яғни, сіз тек 0,5 мөлшерлемемен жұмыс істейсіз. Қанша сағат жұмыс істейтініңізді біліп алыңыз? Уақыттың келіспейтін тұстарын бастан ашып есептеп алыңыз.
Жалақы
(Жалақы сіз үшін негізі бірінші орында тұруы керек еді. Алайда, уақыт шектеулігіне байланысты...)
Жалақыны бірден сұрап алыңыз. Ақшадан еш қымсылып-қыстырылудың қажеті жоқ. Себебі, сіз әр уақытыңыз бен еңбегіңіздің қаншаға бағаланатынын білуге құқылысыз.
Ұжым
Жаман ұжымда да, өзіңізді өзіңіз етіп сезіндірмейтін жерде жұмыс жасасаңыз екі есе шаршайтын боласыз. Ал, сізді үйде әлі күтіп тұрған жұмыстардың қарасы көп: курстық жұмыс, емтиханға дайындық, кір жуу, үтіктеу, тамақтану...
Жұмыс
Не жұмыс істейтіні студент үшін соңғы орында.
Бірақ, сөйтсе де өзіңізге қиылып тұрған жұмысқа беттегеніңіз жөн.
Қарапайым жұмыс іздеу
Егер сіз қосымша табыс алуға қызығушылық танытсаңыз, оңай жол - болашақ туралы, мансап туралы ойламау, үйге жақын нәрсені, уақыт бойынша неғұрлым ыңғайлы және ақшасы жоғарысын іздеген жөн. Егер сіз алдыңызға нақты мақсат қойсаңыз, жұмыс тәжірибеңіз жоқ болса да 2-3 күн ішінде жұмыс таба аласыз - бұл нақты. Кафелер мен мейрамханалардың әр желісінде «Бізбен жұмыс істегіңіз келе ме?» сияқты жарнамалар ілініп тұрады. Кез келгеніне кіріп, жұмыстың керек екенін айтып, түйіндеме толтыра аласыз. Сол секілді olx, headhunter сайттары да атақты сайт серік бола алады.
Тіл мәселесі.
Екінің бірінің ауызындағы мәселе. «Орысша білмеймін» Әрине, бұл мәселені 1 орынға шығарған өзіміз. Алайда, енді соған қарай көсілуге тура келеді. Тура биде туған жоқ. Ең қарапайымынан бастаңыз: еден жуушы, ыдыс жуушы, қарауыл... Бастысы сол орысша сөйлейтін сымақтардың арасына кірісіп кетсеңіз, әрмен қарай «жоқ үйренбеймін» дегеннің өзі, кемінде жарты жылда жақсы меңгереді. Немесе, «білемін» деп кіріңіз я «жеткізе алмаймын, бірақ түсінбеймін» деген сияқты шеттеме сылтаулармен.
Жұмыс түрлері
Жұмысқа орналастыру кез келген болуы мүмкін - тұрақты, жартылай, қашықтан. Сонымен қатар уақытты өзіңіз қоятын және фриланс та бар. Әр түрдің өзіндік нюанстары да бар.
Тұрақты жұмыспен қамту - бұл қажетті дағдылар мен тәжірибе алудың жылдам әдісі. Жақсы бос жұмыс орындары көп. Бір ғана минус бар - сіз күні бойы жұмыс істеуіңіз керек.
Күндізгі және икемді сағаттар студенттерге оқу мен жұмысты үйлестіруге мүмкіндік береді. Мұндай жағдайларда жақсы жұмыс табу қиынға соғуы мүмкін, бірақ қаласаңыз, оны да таба аласыз.
Қашықтан жұмысқа орналасу үйден, кез-келген қаладан және кез келген елден жұмыс істеуге мүмкіндік береді. IT саласында (сіз үйде бағдарламалай аласыз), журналистика және басқа да бірнеше салаларда жақсы дамыған. Минус - егер тәжірибе болмаса, мұндай жұмыстарды қаржығаңа байлау қиынға соғады-ақ. Себебі, жұмыс беруші сіздің жұмысыңызға сенімді болуы қажет.