Жаңаөзенде екі азамат өзіне пышақ тығып наразылық көрсетті

Oinet.kz 10-06-2022 1166

Жаңаөзенде екі ер адам "Өзенмұнайгаздан" жұмыс сұрап, қызметке орналаса алмағаннан кейін өздерін жарақаттаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Screenshot_1.jpg

Қала әкімдігінің хабарлауынша, 9 маусым күні сағат 15.00-де бір топ адам жалпы кезекті айналып өтіп, компанияға жұмысқа орналасуды талап етіп, "Өзенмұнайгаз" АҚ ғимаратының алдына жиналған.

"Жұмысқа орналаса алмаған екеуі - азамат С.К. және азамат С.Т. (бұрын сотталған) іштің алдыңғы қабырғасы мен білек аймағына пышақпен жарақаттар салып, екеуі де қалалық ауруханаға жатқызылды", - делінген ақпаратта.

Олар жедел жәрдем бөлмесінде қаралды, өміріне қауіп жоқ.  Келгендердің бірі ауруханаға жатқызудан бас тартып, аурухана ғимаратынан шығып кетті.

"Оларға мұнай-газ саласына жұмысқа қабылдау алгоритмге сәйкес, жалпы кезек тәртібімен жүзеге асырылатыны бірнеше рет түсіндірілді. Алгоритмді бұзу, кезексіз жұмысқа орналастыру басқа жұмысқа орналасуға үміткерлерге әділетсіздікке әкеп соғады"- делінген хабарламада.

Алматы: Балмұздақ зауытында 5 бірдей адам уланып қалды
Алматыда ер адамды пойыз басып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу