Барлық отбасы көруі тиіс фильм

Oinet.kz 24-07-2019 1006


9e1513f2f205193ca6766b5fdc665bf5.jpg

"Надер мен Симиннің ажырасуы" фильмінен кадр

Елімізде көптеген отбасыда ажырасу жағдаяты орын алады. Басым бөлігі болмашы себептерді місе тұтаы. Британдық «Economisrt» басылымының 2015 жылғы статистика  мәліметтеріне сүйенсек,  ажырасу  саны жағынан  көрші Қырғыз елі әлем бойынша  48-ші орында, 1 миллиардтан астам халқы бар Қытайда мың адамға шаққанда  ажырасу көрсеткіші 1,8 болса, ал  17  миллион ғана  халқы бар Қазақстан  бірінші  ондыққа кірген (1000 адамға шаққанда  ажырасу көрсеткіші - 2.8).Кез келген отбасы ирандық «Надер мен Симиннің ажырасуы» (Развод Надера и Симин) фильмін қарауы керек секілді.Барлық фильмнен кінәлі тарапты тану оңай. Бұл фильмде кейіпкерлердің ішкі күйзелісін түсінуге тырысасыз. «Таяқтың екі ұшы бар» деп қос кейіпкердің де таңдауына құрметпен қарайсыз.

Фильм бюджеті: 500 мың АҚШ долларына түсірілген

Кассалық табысы: 24 426 169 АҚШ доллары

Кинокартина ұзақтығы: 2 сағат, 3 минут

Ираннн мемлекетінде Асгар Фархадидің жетекшілігімен түсірілген.

Отасқанына 14 жыл толған ерлі-зайыпты Надер мен Симин ел астанасы Тегеранда қыздары Термахпен тұратын.  Перзентінің Тегеранның құрсауында өмір сүргенін қаламаған Симин қызы мен күеуін ертіп өзге мемлекетте тұрғысы келеді. Надер де бұл шешімді құнт алған секілді болады. Десек те, Альцгеймермен науқастанатын сырқат әкесін елде жалғыз тастап кетуге дәті бармай, бекімінен таяды. Әйелінің қалауын қолдамай, отанында науқас әкесіне күтім жасап қалуға шешім шығарады. Бұл фактор Симиннің қалауына қайшы келгендіктен әйелі ажырасуға арыз береді.

Сот төрешісі олардың болмашы себеппен шаңырағының шайқалмауы тиіс екендігін жеткізіп, ажырастырмайды. Симин сонда да анасының үйіне жалғыз кетеді.Оқиғалар шиеленісе түседі. Аяғында перзенті Надер немесе Симинмен қалатынын таңдау құқығына ие болады.

Razvod_Nadera_i_Simin_240bbb530575043dc5a577f1bbe12f6c.jpg

"Надер мен Симиннің ажырасуы" фильмінен кадр

Бұл фильмді не үшін көру керек?

2012 жылы режиссер Асгар Фархадидің «Надер мен Симиннің ажырасуы» картинасы «Шет тіліндегі ең үздік фильм» номинациясы бойынша «Оскар» киножүлдесін алған тұңғыш ирандық фильмге айналды. Бұдан бөлек, «Надер мен Симиннің ажырасуы» - 2011 жылы Берлин кинофестивалінің бес жүлдесін, «Алтын глобусты» және Иранның өзінде де, одан тысқары жерлерде де 70-тен аса киножүлде иеленген фильм.


Суреттер ашық дереккөзден алынды.


Фишингтен қорғана біліңіз
Инстаграмда атақты болу құпиялары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу