Фишингтен қорғана біліңіз
Фишинг (ағылш. тілінен phishing от fishing «балық аулау») - әлеуметтік желі пайдаланушылардың құпия деректеріне қол жеткізу. Бұл қылмыстық әрекет, интернет алаяқтықтың бір түрі. Себебі фишинг кезінде адамның PIN кодтары, есепшот нөмірлері сияқты құпия ақпаратты білуге болады.
⠀Бұл әдіс 1987 жылы пайдалы болып, тек 1996 жылдың 2-ші қаңтарында термин ретінде енгізілді. 2008 жылы фишинг әдісінен 5 миллионға жуық адам зардап шеккен.
⠀Фишинг әрекеті әйгілі брендтердің атынан электрондық пошта хабарламаларын жаппай жіберу, сондай-ақ түрлі қызметтердегі, мысалы, банктер атынан немесе әлеуметтік желілердегі жеке хабарламаларды жіберу арқылы жүзеге асырылады.
⠀Хатта шынайы сайттан еш айырмашылығы жоқ жалған сайтқа сілтеме болады. Пайдаланушы жалған бетке кіргеннен кейін, алаяқтар әртүрлі психологиялық әдістерді пайдаланады. Яғни пайдаланушыны өздерінің атын және құпия сөзін енгізуге итермелеп, әртүрлі ақпаратты жинақтай бастайды.
⠀Фишинг - желілік қауіпсіздіктің негіздерін білмейтін пайдаланушыға бағытталған интернет алаяқтықтың түрі. Себебі көбісі қарапайым факт туралы білмейдi: әйгілі бренд, әлеуметтік желі, тіпті банктер ешқашан паспорттың нөмірін, құпия сөзiн және тағы басқа ақпарат сұрайтын хаттар жiбермейдi.
⠀Бүгінде фишингтен қорғану үшін ірі интернет-браузерлер күдікті веб-сайтты ашқаны туралы хабарлайтын бірдей әдістерді қолдануға келісті. Дегенмен фишингтің әртүрлі әдістері пайда болды. Мысалы, Вишинг (аудио фишинг) немесе SMS-фишинг.
⠀Фишингтен қалай қорғанамыз?
1. Сілтемеге өтпей тұрып, оны тексеру қажет.
2. Антивирус орнату.
3. Кез келген ақпаратқа сене бермей, медиасауатты болу.
Ескерту: Егер сіз күдікті электрондық хат алсаңыз:
- Жіберушінің электрондық пошта мекенжайы оның атына сәйкестігін тексеріңіз.
- Хаттың аутентификациядан өткенін тексеріңіз.
- Сілтемені нұқудан бұрын оны апарыңыз. Егер URL мекен-жайы хаттағы сипаттамаға сәйкес келмесе, сілтеме фишинг сайтына апаруы мүмкін.
- Хабар тақырыбын тексеріп, «Кімнен» тақырыбында дұрыс атау бар екеніне көз жеткізіңіз.
Маңызды! Егер сізде біреу сіздің Gmail есептік жазбаңызға рұқсатсыз қатынас алды деп ойласаңыз, поштаны пайдаланбаңыз - алдымен кіруді қалпына келтіріңіз.