Инстаграмда атақты болу құпиялары
«Алма піс, аузыма түс-ті» аңсап жүргендердің қарасы көп. Желіде жетегіне жеті жүз мың оқырманды жалғап, ақша тапқысы келетіндер қанша. Оқырман көбейту үшін небір қулыққа барады. Тізбекте міндетті деп танылған кеңестер мен адам ақылына келмейтін қулықтар.
Демеуші. Атақты адамдар ұйымдастырып жатқан конкурстарға демеуші болу арқылы оқырмандарыңыздың санын кемі 10 000-нан асыруға әбден болады. Демеуші болу құны әр түрлі 20 000-нан әрмен, шамамен. Тек енді өзіңіз камераға қарап телміріп отыра беретіндей ішпыстырарлық, мөлейген біреу болсаңыз, тіркелгендер жазылымын алып қояды да, алпыс оқыманыңызбен қайта қаласыз оңашада.
Алдау. Оқырмандарды жинаудың тағы бір жолы «өз қолыңмен» деп аталады. Яғни, (оңай түсіндіріп көрейін) көп оқырманы бар достарыңыздан немесе мүлде танымайтын адамдардан "осы маған жазылады-ау" деген парақшаларға жазылып аласыз. Содан соң бір-екі күн күтіп, олар сізге жазылып алған соң, сіз олардан жазылымыңызды кері алып аласыз да, дөптеген мақсатыңызға жетесіз. Біраз уақыт осылай жасап жүрсеңіз, едәуір көбейіп қалады.
Сурет. Достарыңызбен суретке әрқашан әдемі болып түсіңіз. «Қойшы, ол суретті салмашы» деп жалынып жүрмес үшін. Егер де қазіргі қалпыңызға сенімсіздеу болып тұрсаңыз, мүлде фото жасаудан бас тартыңыз, немесе артқа қарап, еңкейіп қалып дегендей... Егер де достарыңыздың жарияланымдарында жиі жарқырап шығып тұрсаңыз, көп көрген көз, «мынау кім, осы» деп кіріп көруі мүмкін. Ал енді "мынау кім-мен" кіріп көрген оқырмандарды парақшаңызда алып қалу үшін...
- Парақшаңызда жинақылық болуы қажет, өте маңызды. Егер де инстаграмды шынымен де жақсы көрсеңіз, үйіңіздей болсын. Жиналып, әр сурет әр жазбамен сай, орын орынымен тұрсын. Имидж қалыптастырыңыз, енді имидж неше түрлі ғой. Мүмкін сіз әзілқой адам боларсыз, мүмкін сабырлы боларсы, не саясат туралы не отбасы туралы жақсы айтарсыз. Тек сол жақсы тұсыңызды тауып алып, паш етсеңіз...
Психика. Психикаңыз темір аз, болаттай, шойындай болуы қажет. Неге десеңіз, оқырманыңыз сәл көбейе түскен сәттен бастап-ақ, охо, неше түрлі қисық әңгімешілдер, сыншылдар көбейеді. Сіз, тек түсінуіңіз керек, міне солар сіздің статистикаңызды жоғарылататындай. Жаман болса да, жарнама. Бәрін жақсы қабылдаңыз.
Маркетинг. (ақшасы көптерге) Статистика жоғарылату үшін, Facebook арқылы жарнамалауға болады, негізінен. Алайда, көп инстасыншылдарының ойынша, бос әурешілік. (бұл істің бәрі әурешілік негізі) Сөздің қысқасы, сізге мұндай жолмен парақшаңызды дамытуға кеңес берілмейді.
Нақтылама кеңестер
Тартымды суреттерді орналастырыңыз
Қызықты тақырыптарды жазыңыз
Тиісті хэштегтер мен геотегтерді пайдаланыңыз
Профиліңізден әйтеуір бір ерекшелікті табыңыз
Парақшаңызды үнемі дамытып отырыңыз
Жариялаңыз, жариялаңыз, жариялаңыз ...
Қол жеткен нәтижелерге талдау жасаңыз
Өз жұмысыңызды автоматтандырыңыз
Instagram аккаунтыңызды жарнамалаңыз
IGTV қолданыңыз
Аудиторияңызды бағалаңыз