Тесік нәски сәнге айналды (фото)
25-10-2021
Француздар күнделікті өмірде де сәннің шыңында жүру үшін биылғы жылды қарапайымдылықпен үйлестірді. Төменде биылғы жылдың күз, қыс мезгілінде трендте болатын аксессуарлар мен киімдер коллекциясын іріктеп алдық.
Фэшн индустриядағы біріншілердің қатарында болған Chanel ұсынған топтамада болды. Жасампаз директоры Виржини Виар, компанияның бұрынғы директоры марқұм Карл Лагерфельдтің орнына келуі де подиумға көптеген тендерлерді қаратты. Оның үстіне аталмыш жоба, сән әлемінің майталманы Карл Лагерфельдтің соңғы топтамасын ұсынған блатын.
Сонымен, сіздермен биылғы жылдың он басты трендімен, жаңалығымен бөлісеміз.
Лава реңкі
Вулканнан атқылайтын лаваны сәнге енгізу, ақылға қонымды, жаңа дүние. Оның үстіне мұндай киімдер сәнді және ерекше көрінеді. Алғашында лаваны тек қысқа етекті ішікте пайдаланып, кейіннен қарапайым кеудешелерге де эксперимент жасалып, нәтижелі шықты. Трендті ойлап тапқан Дрис Ван Нотен қан түстес қызық, қанық сары, қызыл аралас сары түстерді пайдалануды ұйғарыпты.
Күлгін
Иә, қожағай түстес, лаванда түстес, таңқурай түстес күлгін биылғы жылдың суық мезгілдерінде ерекше сұранысқа ие болғалы тұр.
Шелек-телпек
Пьерпаоло Пиччоли және Марии Грации Кьюри, екі дизайнердің идеясы бұл жолы ұқсас келді. Екі сәнқой да бір тектес фасондағы телпекті сызып сынған екен. Мұндай үлгідегі бас киім көпшіліктің назарын бірден аударды.
Үшкіл орамал
Көше трендтері дизайнерлерді бейжар қалдырмайтыны анық. Бұл типтегі орамалдар бәрімізге бала кезімізден белгілі. Қазірде париждік подиумдардан ашық принтті немесе бірыңғай түстегі замш терілі үшкіл орамалдарды жиі байқауға болады.
Шынай аң терісіне ұқсас тон, ішек
Ішекті сән үлгілерін жылда байқауға болады. Алайда, бұл жолғы париждік сән кештерінде теріден жасалған пальтолардың сәнге енетіні байқалды.
Фотопринт
VALENTINO кезекті топтамасында Пьерпаоло Пиччолидің ұсынуымен фотопринтті киімдер жиынтығы ұсынылды. Принтте флоральді өрнек пен скульптура бейнеленген.
Кең иықты киімдер
80-жылдардағы сән бірте бірте қайта келе жатыр. Міне, оның себебі де осы кең иықты үст киімдердің жылдан жылға иық тұстарының көлемі ұзарып бара жатқандығында.
Шахмат тақтайшасы
Тек, қара, ақ түстер еме шексіз түстер топтамасынан тұратын шахматты киімдер де сұранысқа ие болмақ.
Ұзын қонышты етіктер
Бұл, үлгі алдыңғы жылдан қалған сән, алайда мұндай етіктер биал да актуалдылығын жоғалтпақ емес.
Қолғаптар
Биылғы жылдың үздік, даусыз тренді лакті, теріден жасалған шынтаққа дейін келетін көлемді қолғаптар болмақ.