Қорылдан қалай арылуға болады?
1 әдіс. Тілге, жұтқыншаққа арналған гимнастика.
Тіл, жұтқыншақ бұлшықеттерінің әлсіреуі қорылдауға алып келетін негізгі механизмнің себепкері. Сондықтан, аталған бұлшықеттердің қызметін жақсарту – қорылдан айырылуға арналған билет. Жаттығуды таңертеңгісін және кешкілік мезгілде, яғни күніне екі рет 10 минут уақытыңызды бөліп, жасағаныңыз абал. Мұндай жаттығулар интернетте едәуір көп. Мәселен:
«И» және «у» әріптерін мойынды, иекті, жақты қатайту арқылы бірден, артпа-арт айтып отыру.
Ағаш таяқшаны немесе қарындашты ауызыңызға салып, 3-4 минут тісіңізбен тістеп тұрыңыз.
Тіліңізді жоғарыға және төменге кезек-кезек шығарып, шығарған сәтте сол қалыпында 2 секундтан ұстаңыз.
Кейбіреулер бастапқыда қызығып, шынымен кірісіп бастағанымен, уақыт өте келе ұмытып, нәтиженің жоқтығына шағымданып жатады. Ал, жаттығу жоқ болса, нәтиже жоқ.
2 әдіс. Пижамадағы қалташа.
Қорылдау дұрыс жатпайтын, жайсыз жататын адамдардан көп байқалады. Мәселен, шалқасынан, етбетінен жатқан жағдайда қорылдау welcome. Ал, дұрыс жату үшін сіз көбінде қай қалыпта жатасыз, жатын киіміңіздің сол жақ бетіне қалташа тігіп, ішіне қатты зат салып қойыңыз. Сізге етбетіңізбен не шалқаңызбен жатқанда кедергі тудыратындай, мәселен теннис шары. Осындай қарапайым трюктің арқасында, бар-жоғы екі аптада оң не сол бүйіріңізбен ұйықтап дағдыланатын боласыз.
3-әдіс. Мұрынға пластырь жапсыру.
Әрине, тұмау, демалу жолдарының тарлығы сіздің ұйқыдағы күйіңізге әбден кедергісін тигізіп, қорыл тудырушы факторға айналуы мүмкін. Сондықтан да егер тыныстау жүйесіндегі ауруларды емдеу үшін алдымен дәрігер қабылдауында болыңыз. Мұрындағы дұрыс демалмаудан арылтатын бірнеше пластырь түрлерін дәріханалардан алуыңызға болады.
4-әдіс. Артық салмақтан арылу.
Иә, артық салмақ сізде бұл тұста да кедергі. Артық салмақты адамдардың тыныстау жүйесі қорылдауға бейім келеді. Өйткені мұндай адамдардағы артық майлар ауырлық сезімін тудырады. Артық май тек тері астында ғана болмайды, сонымен қатар мойын құрылысының да ішкі тұстарында орналасып, жайсыздық тудыртады.
Қорыл – айналаңыздағыларға кедергі келтіретін фактор. Сондықтан тез арылу қажет. Егер де сізге жоғарыдағы әдістер көмектеспесе, отариноларинголог дәрігердің көмегіне жүгініңіз.