Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Танымал әнші, "МузАрт" тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов желіде келіншегімен сүйісіп түскен суретіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол "Ер-батыр" бағдарламасына берген сұхбаты барысында айтты.
- Соны түсінбедім. Өтіп бара жатып, сүйісіп тұрып суретке түсіп жатқан өзге ерлі-зайыптыларды көріп қалдық. Жарым "бізде осылай түсейікші" деді. Романтика, Париж. Махаббат қаласында тұрмыз, неге махаббатымызды көрсетпеске? Өзім де таңғалып қалдым. Негізі өмірімде бірінше рет болды. Оған дейін Жәмилядан ондай сөз естімігенбіз ғой. Солай істеп, әлеуметтік желіге салып жібердім. Адамдар неше түрлі пікір жазып тастады. "Өлдің ба?", "Тілің сыртына шығып кетіпті ғой", "Тілін жұлып алайын деп тұрсың ғой" деп жазғандар болды. Оларға қарсы шыққан адамдар да табылды. Бұл жерде мен шынымен де біреудің жарын сүйіп тұрған жоқпын, отбасын ойраңдайтын нәрсе істеп тұрған жоқпын. Өзімнің әйелім, - деді Кенжебек.