Тұлға жайлы алғашқы пікір қалыптастыру
Бейтаныс бірімен танысқан жағдайда адам пікірді алғашқы үш секундта-ақ қалыптастырып үлгереді екен. Демек, үш секунд бізге адам картинасын санамызда суреттеуге жетеді. Ал, танып білу үшін де яғни, осы алғашқы пікір өте маңызды. Кез келгеніміз басқа адамның санасында жақсы алғашқы пікір қалыптастырғымыз келеді-ақ.
Біз неге бір адамдардың көзінде басқашамыз да, екіншілерінің көзінде керісінше? Оның себебі, алғашқы пікірді тек қарсымыздағы адам ғана емес, біздің санамыз да автоматты түрде қалыптастырып жатыр, сондықтан біздің ой-түсінігіміз кезегінше жақсы не жаман пікір қалыптастырып жауап реакциясын көрсетіп жатады.
Алғашқы пікір көбінде дұрыс болмай, ол адаммен етене араласып кеткеннен кейін басқандай пікір қалыптастыра бастаймыз. Бірақ кейде ондай мүмкіндік тумайды. Танысқан тұлғамен кездесу ара-сыра ғана орын алып жатады және пікірін өзгерту мүмкін емес.
Адаммен алғашқы кездескендегі бізде туындайтын екі сұрақ бар. Мен бұл адамға сене аламын ба? Оның қолынан не келеді? Егер сіз танысқан адамыңыздың санасына жақсы пікір қалыптастырмасаңыз, ол сізді қауіп көзі деп тануы мүмкін.
Төменде алғаш жолыққан кезде өз-өзіңді қалай ұстау керек жөнінде бірнеше кеңестер көрсетіледі.
Қарсыңыздағы адамға бірінші болып сөйлеуге рұқсат беріңіз. Тыңдау сіздің басты құралыңыз. Алайда, тек тыңдап қана отыру әңгімелесушіңізге сізді қызықпай отырғаныңызды көрсетеді. Сондықтан оның әңгімесін қолдайтын, нақтылайтын сұрақтар қойып, зейін қойып тыңдаңыз.
Телефоныңызды мүлде аулық қойыңыз. Сіздің үнемі телефонға телміріп не телефонмен үздіксіз сөйлесіп отырғаныңыз досыңызды ыңғайсыз жағдайға қалдырары, сіз жайлы пікірін өлтіретіні анық.
Өзіңіз жайлы көп нәрсе айтпаңыз. Алғаш кездескен адамға өзің жайлы тоқтаусыз айту ерсі көрінері анық. Ол кісіге сізбен таныса сала, сіз жайлы, бауырларыңыз жайлы, жеткен жетістіктеріңізді атқаныңыз еш қызықсыз. Өзіңіз жайлы бірден айтқан көп ақпараттан гөрі, уақыт өте қалыптасқан дүние сенімдірек, шынайырақ болады.
Өзіңізді позитивті ұстаңыз. Сіз өзіңізді барынша позитивті ұстаған сайын, адамдар сізге магнитше тартылады. Күлкі, қол қимылы, мимикаға аса мән беріңіз. Тым ұсақталып кетпеңіз. Бәрінің шынайы қалпын жоғатпағаны дұрыс.
Өзіңізді қарапайым ұстаңыз. Қарапайымдылық та адамның сәнін келтіріп тұрады. Ешқандай да жаоған мимикамен алдау арқылы жақсы алғашқы пікір қалыптастырамын деп ойламаңыз.
Осында кішкентай ғана болмашы дүниелер алғашқы пікірді қалыптастырады. Бір қызығы осы болмашы дүниелер біздің сенімімізді қалыптастырады.