Бағаңызды көтеретін француздық 5 тәсіл
1-тәсіл. Жасырын бақ.
Уақыты келеді, біздің де бойымызды әлсіздік, шаршаңқылық, жалғыздық сезімдері билейді. Мұндай сәттерде әлсіз әйел тәттінің көмегіне, ішкілікке, бос ұрыс-жанжалға немесе бұрынғы көңілдесінің құшағынан көмек іздейді. Алайда, бұл көрсетілген нұсқалар сіздің бағаңызды түсіріп қана қоймай, құрдымға әрмен қарай итермелейді. Оданша, өз байыңыздағы мұндай әлсіздіктерге құрметпен қараңыз.
Жасырын бақ – өміріңізге шуақ пен нұр кіргізу үшін жайлы мекен болмақ. Ол психиканы қолдайды және қоектендіреді. Жасырын бақ сіздің ең сүйікті ісіңіз болуы қажет. Мәселен сүйікті шайханаңызға барып бір шынаяқ шай мен сүйікті кітабыңыз сіздегі мен-ді қайтадан қалыптастыстырады, тап бір пазлдай. Алайда, бұл сырыңызбен ешкіммен бөліспеңіз. Сізде осындай ешкім білмейтін құпияның барының өзі сізде сенімділік ұялатады.
2-тәсіл. Әдемі заттар.
Біз күнделікті бір қалыпты заттарды қолданамыз, сөмкемізге 3 жыл, әмиянымызға 2 жыл, жейдеміз болса, жап-жаңа 4 жыл бар болғаны... Көп заттардан шектейміз. Ал, өзімізге жаңа заттарға мүмкіндігіміз жоқтай сезіну де ішкі бағамызды төмендетеді. Ал, франциялық әйелдердің әжесі сыйға тартқан шай сервизі тек қонақ келгенде емес, дастарханында күнде қызмет етеді.
3-тәсіл. Өзгелерді жігерлендіру.
Өзгелерді жігерлендіру арқылы өзіңе де жігер алу. Өзгелерге көмектескеннен, комплимент айтқаннан ләззат алу француздықтардың ыстық қаруы. Біз байқамағанымызбен, біздің әрқайсысымызда келесі біреуін бақытты етуге шексіз мүмкіндігіміз бар. Біз басқаны жігерлендіру арқылы өзіміздің өзгелердің өміріндегі маңыздылығымызды түсінеміз. Және бұл бізге күш-жігер сыйлайды.
4-тәсіл. Бірегейлікті құрметтеу.
Өз-өзіңе көңіл толушылық – сұлулықтың басты кілті. Бойыңыздағы бірегейлікті құрметтеңіз, сіздей адам жалғыз екендігінен рахаттаныңыз. Ішіңізде өзіндік мен-нің өмір сүруі де құметке лайыфқты. Кез келген қарым-қатынаста өзіңіздегі тұлғаны сақтап қалыңыз, жарыңыз, балаңыз, досыңыз үшін өмір сүруден бұрын өзіңіз үшін өмір мүріңіз.
5-тәсіл. Ұстамдылық, сабырлылық.
Жалтырағанның артынан жүгірмеңіз. Сіз олай бағаңызды жоғалтып қана қоймай, жолыңызда кездескен алғашқы ақ аттыға бағаңызды ұстатып жібересіз. Махаббат қара шоколадтың бір тілімі секілді. Қара шоколадтың дәмін тату үшін, қарапайым шоколадтардан ақшаңызды ең қымбатына үнемдегініңіз жөн. Сол секілді сабырыңызды ең соңғысына дейін сақтаңыз. Ешкімнің жолында сізді таптауына жол бермеңіз.