Енем маған жиі қол көтеретінді шығарды
08-10-2022
Адамдар "жолым болмады" деп бақсы-балгер, психолог-тренер, нумерологтарға жиі қаралады. Жанына жуып кетсеңіз. өзінің сәтсіз өміріне шағымданып жауыр етеді. Басқа тақырыпты қаузағыңыз келсе де өз өміріне назар аудартқысы келеді. Егер осы мінездік тип сізге тән болса өзіңізді ЖЕТІЛІРІҢІЗ!
Неше түрлі тренингке қатысатындардан байқағаным олар спикерді өмір жолын «мінсіз» деп бағалау арқылы таңдайды. Ескеріңіз, тіпті өмірдің өзі бақытты сәттердің жиынығы, жинақы сюжеттер желісін бақытты деп бағалау сіздің тағылым таразыңыздың еншісінде.
Күліңіз. «Таң сиқыры», «Мінсіз қатынас құпияларs» секілді жігерлендіретін кітаптар жұрттың бәрін қызықтырады. Өмірге қалай қарасаңыз, сізге барлығы солай көрінеді. Пииссимист адам таңда тұрып әрекет етсе де, көп адаммен араласса да қалыбына қылау түсірмейді. Яғни оптимистке айналмайды. Бастысы, күлімдеңіз. Басыңызда кешкен әр істі қуанышқа ұқсату өз қолыңызда. Бонкаматта банк карточкаңыз кептеліп, шықпай қалды делік. Ақшалай қиындықтар туралы ой санаңызға бірінші келеді. Алайда, сіз карточкаңызды алғанға дейін қаражатыңыздың «мұрты бұзылмай сақталатынын» көбірек ойлап көріңіз.
Мәселені кейінірек шешу сіздің санаңызға жүк түсіреді. Шынында кез-келген өнімнің жарамдылық мерзімі бар. Қыл аяғы ойдың да.Басыңызға түйіні шешілуі қиын боп көрінетін іс түссе оның шешімін табуға асығыңыз. Бір аптадан кейін, ертең, одан кейін деп созбақтайтындай керемет аура емес. Бастысы өз түйсігіңізге сеніңіз. Шешімге талпыныңыз.
Сіз бірдеңені іске асыра аласыз ба әлде іске асыра алмайтыныңызға сенімдісіз бе, - екі жағдайда да сіздікі дұрыс.
Генри Форд
Басқалардың көмегін қабылдаңыз. Тек қана «өзім білемдікке» салынатын эго қажет емес. Сөздің «сізі» жақсы, адамның «бізі» жақсы,- деп орағытып ойлап көріңіз. Қайғыны бөліссе, азаяды. Қуанышты бөліссе, көбейеді.
Проблемалардан қашпаңыз. Проблемаларды өзіңізді дамытатын мүмкіндік деп бағалаңыз. Бірінші эмоцияңыз «КЕРЕМЕТ» деп қарай білсе, шынында керемет шешімге жолығасыз. Құрыдым деп қарасаңыз, құрдымға кетесіз.
Шағымдана бермеңіз. Ешкім жанындағы жолдасының шағымдарына бас қатырғысы келмейді. Сізде бар мәселе елде де бар. Өзіңіз тренингіне қос өкпеңізді қолыңызға алып барып жүрген адамдардың да шағымы бар. Тек олар ашып айтқысы келмейді. Сіз де сол позицияны ұстаныңыз. Сіз шағымыңызды бөліскен адамдар тонын теріс киіп сізден қашпауы үшін де ойыңызды өзгертіңіз.
Барлығына басқаларды кінәлай бермеңіз. Барлық жағдайда да тыңдарманыңыз сіз жайлы оң пікір қалыптастырмайды. Неге сіздікі ғана дұрыс бола беру керек? Сіз де кемшілік болады. Перфекционист болу абсолютті мінсіз болу емес, кемшілігіне комплекссіз қаррай білу. Мойындасаңыз, түзейсіз..
Суреттер ашық дереккөзден алынды.