Жапондықтардың жүзжылдығының сыры

Oinet.kz 09-07-2019 1253

b689ae36e348bbaf530dfb350faffcfd.jpg

XX-ғасырдың екінші жартысында-ақ ғалымдарды жапондықтардың ұзақ өмір сүру парадоксалды феномені қызықтыра бастаған. Ұзақ ғұмыр кешудің құпияларын ашу үшін ғылымда аз зерттеу жасалған жоқ. Көп жылдарды талап еткен зерттеулер жапондықтардың ұзақ өмірге иелену себептері олардың тұрмыс дәстүріне байланысты екенін негізге алып келді. Жапондықтардың ұзақ өмірі бар болғаны 5 факторды қамтиды:

  • ерекше тамақтану мәдениеті

  • физикалық және де ой әрекетінің белсенділігі

  • өз жасын қабылдаулары, өмірге деген сабырлы, байсалды көзқарастары

  • медициналарының жоғарғы деңгейде болуы

  • жеке гигиенаға шырт етпе қарым-қатынастары

Жоғарыда көрсетілген шарттардың жапондықтардың өмірінде кездесуі жалпы тонусты ұстануға кермет мүмкіндік береді. 

Ең басты сыры "табиғи" дұрыс тамақтануларынында. Жапондықтар өздерін шартты түрде дұрыс тамақтануға отырғызуының қажеті шамалы. Себебі, олардың рациондарында зиянды, майлы тағамдар аз кездеседі. Олардың ас мәзірінде күріш, теңіз өнімдері, балық пен соя өнімдері, көкөністер мен жемістер негізгі тағамдар болып есептеледі.

Күріш жапондықтардың өмірінде нанның орнын алмастырады, рациондарындағы негізгі компонент. Күріш витаминдерге бай екенін білетін жапондықтар, оның пайдалы қасиеттерін сақтап қалу үшін қоспасыз дайындап, кез келген асқа гарнир ретінде қолданады. Тіпті, жаңағы күріш қайнаған суды бетке күтім ретінде қолданады.

Жапония теңіз жағасында орналасқан ел болғандықтан, базарларынан кез келген уақытта балғын балық табылады. Ал, балықтың пайдасы ұшан-теңіз екенін бәріміз білеміз. Орта есеппен алғанда бір жапондық тұрғын жылына шамамен 68 келі балық тұтынатын көрінеді. Бұл көрсеткіш басқа елдерге қарағанда төрт есеге көп.

Біздегі қымбат мейрамханалардағы "деликатес" ретінде берілетін кальмар, асшаяндары, тарақгүлділер, сегізаяқтылар секілді теңіз өнімдері күншығыс елінде күнделікті ас мәзіріндегі тағамдар.

Етке келетін болсақ, жапондықтардың өмірінде ет өте аз. Егер қолданғанның өзінде, майсыз сиыр еті мен буға піскен тауық етін жөн көреді немесе көкөністермен бірге бұқтырып пісіреді. 

Жапондықтардың тамақтанудағы қалыпты әдеттері:

  • шағын мөлшерлі порция

  • жиі және бөліп тамақтану

  • ас ұсыну үлгісі. Жапондықтардың есептеуінше, тамақ дәмді болып қана қоймай, сәнді де болғанында ғана асқазан тоқтықты сезінетін көрінеді.

  • тұзды аз қолдану

  • азық-түлік пен қалыпты ас мәзірін түрлендіріп отыру

Сонымен қоса, бұл мемлекеттің тұрғындары тамаққа түрлі витаминді қоспалар мен өмір жасын ұзартатын қоспаларды қолданады.

Әрине, ұзақ өмір сүру үшін дұрыс тамақтану жапондықтардың басты қаруы емес.

  • белсенді, жан-жақты қимыл-қозғалыс

  • толыққанды ұйқы

  • зейнеттен кейінгі өмірді жаңа өмір деп қабылдау

  • айналадағы болып жатқан тіршілікке сабырлықпен қарау

Жапондықтар секілді ұзақ өмір сүру үшін, олар секілді тіршілік ету аз. Шын нәтижеге қол жеткізу үшін «жапондық» болып өмірге келу керек секілді.

Қалай бай боламын?
Тісіңіздің өмірі ұзақ болсын десеңіз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу