Қалай бай боламын?
Бай болу үшін байлық жайлы бірнеше кітапты оқып шығу жеткіліксіз. Әрине, мұндай кітаптар сізде байлық жайында көзқарас қалыптастыруы мүмкін. Бірақ, байлыққа жету үшін орныңыздан тұрып, іс-әрекетке көшкеніңіз, ақылға қонымдырақ.
Бай адам атану үшін сіздің санаңыздағы байлық жайлы түсініктің маңызы зор. Яғни, байлықты сіз қалай түсінесіз? Сіз үшін байлық деген не? Байлық сізге не үшін қажет? Қалай бай болуға болады? Алайда, бұл сұрақтардың жауабы интернетте өте көп. Оларды қайталап жазу бос әурешілік (әйтпесе, көшіріп жазудың хас шеберімін). Сондықтан төменде сіздерге бірнеше байлық жайындағы қулықтарды ұсындық:
Бай болудың ең оңай жолы өзіңді баймын, менде бәрі бар деп сезу, сену. Бай адамдар мен кедей адамдардың айырмашыдығы байлар ешқашан есепшотында, әмиянында қанша сомма бар екендігінен хабарсыз, ал, кедейлер, керісінше, әрдайым өзінің ақша қорын біліп, уайыммен, қорқынышпен өмір сүреді екен.
Тағы бір айырмашылық, кедей топтағы адамдар мен қалталы адамдардың ақша жинауында екен. Байлар ешқашан ақшаны пассив қалпында сақтамайды депозитке салмайды. Инвестиция жасайды, себебі ақша үнемі жұмыс істеп тұруы қажет. Сондықтан, ақшаны сандыққа салып жинау, ақылға қонымсыз. Ақшаның өздігінен көбейіп отырғанын қаласаңыз, бизнеске немесе өсімді депозитке салып отырыңыз.
Кедейлерде үлкен теледидар, байларда үлкен кітапхана. Айырмашылық, тайға таңба басқандай көрініп тұрған болар.
Ақша салатын әмияныңыздың ұқыпты болғаны дұрыс, сізде әмиян жоқ болса. Ақшаңыз үйсіз қалады, ал үйсіз ақша егесіз қалғандай оңға, солға кетеді. Дұрысы, әмиян қолданған. Және сіздің 5 тиыныңызға дейін далаға кетуіне жол бермеу. Ақшаны жақсы көріңіз, ақшаға ұқыптылықпен қарасаңыз ғана, сіз өз өміріңізге ақшаны қызықтыра аласыз.
Тағы бір пайдалы кеңес, сізге соншалықты ақшаны үнемдеу болып көрінбеуі мүмкін. Бірақ кеңестің сіздің есіңізде ұзаққа дейін қалып, пайдасын тигізеріне кепілдік бар. Ешқашан қарныңыз ашып тұрғанда дүкен араламаңыз. Аш асқазан үнемі көп азықты қажет етіп тұратындай. Біз азық-түлік дүкеніне кіріп, қарнымыз ашып тұрғандықтан, бәрі қажеттей сезініп, инстинктті түрде қажетсіз азықтарды кәзеңкемізге толтырып аламыз. Алайда, бұл сізді шығынға алып келуі мүмкін. Себебі олардың уақыты өтіп, сіз пайдаңызға асырғанша жарамсыз болып қалу қауіпі бар.
Адамдардың үш тобы бар. Олар: бар адамдар, жоқ адамдар, бар нәрсесіне ақша төлемейтін адамдар. Кім ақылдырақ?
Ақша жайында үнемі есебіңіз болуы қажет. Егер сіз қолыңыздағы белгілі қаражаттың бөлігін неге жұмсағаныңызды ұмытсаңыз, демек оны өте қажетсіз жерге жараттыңыз.
"Қу жарнаманың" жетегінде кетпеңіз. Ешқашан қажетсіз купондарды алмаңыз, қолданбаңыз. Жарнама берушілер адам психикасымен қуыршақша ойнайды. Біз алдымызда керемет жеңілдікті көргенде, ол зат бізге керек болмаса да, тек ол затқа 50% жеңілдік болғанына алданып сатып алуымыз мүмкін. Жалған жарнаманың құрбанына айналмаңыз!
Ешқашан үстемесін төлемеңіз. Ең ақылға қонымсыз шешім үстемемен зат не қарызға ақша алу. Сеніңіз, сіз тек алған күніңізде ғана бақытты боласыз.
Кедейлер кедергі көретін жерден, байлар мүмкіндік көреді. Мәселен, сіз тұратын ауылда құйылмалы балмұздақ сататын дүкен жоқ болса, сіз «ешкім алмайды, демек» деп ойлайсыз. Ал, бай адамдар, керісінше, мұны керемет мүмкіндік деп біледі. Ауылға жаңа дүкен салу, жаңа ақша көзі.
Байлардың барлығы дерлік өздеріне нық сенімді.
– «Бұл бастама өнімді болады, себебі мен оны өнімді ететіндей жасаймын.»
Бай адамдар неге жеткісі келетініне жіті мән берсе, кедейлер неден қашқысы келетініне.
Қатып қалған байлық жайындағы қорқынышты стереотиптеріңізден бас тартып, жарқын әлемде өмір сүріңіз. Қалыпты пікіріңізді өзгертіңіз. Өмірде көп жерде залалсыз қулықтарға жүгіну керек екендігін есіңізден шығармаңыз.