Бюджетті саяхаттың құпиялары
Саяхат - жан жарасымына бөленіп, жаңа жерлерді қызықтап, жаңа дүниелермен танысуға, жүйке жүйеңізді тыныштандыруға, демалуға керемет мүмкіндік, өмірдің дәмін сезіну және теңдесіз тәжірибе. Саяхат - білім, ортақ әңгімеге тақырып, жаңа достар, шабыт, бағаланбас әсер мен эмоциялар.
Әлемде біз білмейтін қанша, біз көрмеген қанша? Саяхат әркімнің түсінігінде әрқалай. Бірі үшін әуесқойлық, бірі үшін ақшаны ауаға шашу, ал енді бірі үшін демалыс. Cаяхатқа деген қаржыңызды үнемдеу немесе аз қаражатпен саяхаттау әбден мүмкін. Төменде осы актуалды тақырыпқа бірнеше кеңестер:
Билет. Билетті ең тиімді сайттардан алған дұрыс. Яғни, белгілі онлайн сайттардың авиабилет бағаларын салыстырып, саралап қана сатып алыңыз. Бұл процессті бірнеше ай бұрын жасасаңыз едәуір сомма жеңесіз. Маңызды, баратын жеріңізге бір ғана ұшақпен барғаннан, ұшақтан ұшаққа ауысу (пересадка) арқылы жеткеніңіз тиімді, арзанырақ, оның үстіне егер түсу уақыты мен келесі ұшаққа міну уақыты арасы алыс болған жағдайда, сіз сол қаланы да көру мүмкіндігіне ие боласыз.
Тұратын жер. Ең маңызды пунктілердің бірі. Таңдауыңыз түскен елге барған соң қайда тұратыныңызды алдын ала белгілеп алғаныңыз абзал. Себебі, сіздің саяхатыңызға ешнәрсе кедергі болмауы қажет. Егер сіздің таңдауыңыз қонақ үйлерге түссе, қонақ үйге бронь жасау үшін https://www.booking.com сайтын қолдану қажет. Немесе сіз баратын елдегі саяхатқа купондар мен жеңілдіктер ұсынатын сайттарды іздестірсеңіз болады. Мәселен, Қазақстанда көпшілік біле бермейтін https://chocolife.me/ программасын жүктеу арқылы көптеген қонақ үй мен ойын-сауық мекемелеріне 50%-ға дейінгі жеңілдіктер алуға болады. Каучсерфинг (couchsurfing) те соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатыр. Бұл, яғни, "бартер саяхат" ұғымына келеді. Сайт ішіндегі қолданушылар өз үйіне қонақ қабылдай алуы қажет. Сайтта үйіңізге қанша қонақ қабылдай аласыз, қандай жағдай жасалған, бәрін көрсетуіңі қажет. Мұндай сайтқа тіркеліп қонақ күту сізді саяхатшылармен таныстырады, олардың елімен және менталитетімен таныс етеді. (Қазақтың үйлерінің барлығы тегіс «кәуішсөрпиң» болғаны ма?)
Ішкі транспорт. Транспорттың да ең тиімді, бюджетті түрлерін "гугл" арқылы іздеп, жоспарлы түрде қолданғаныңыз жөн. Кез келген мемлекетте саудагерлер, жергілікті транспорттағылар қонақтардан максималды түрде ақша жасауды ойлайды. Сіз тұрғындардың ақша көзі болуыңыз мүмкін. Сондықтан, көлік тоқтатқанда да ең ақылға қонымсыз деген сомманы айтыңыз. Және бұл елге жылда келетініңізді айтыңыз (менен жеке кеңес сізге). Ал. қоғамдық көлік қолданушыларына арнайы карталар болуы мүмкін, оны өзіңіз тұрып жатқан қонақ үй қызметкерлерінен немесе жүзі жылы жандардан сұрауыңызға болады.
Тамақтану. Бұзылмайтын тамақтарды алып үйреніңіз. Азық-түлік таңдағанда асқазаныңызды off режиміне қойыңыз. Тек миыңыздың айтқан азықтарды алыңыз. (Бұл кеңес кейбіреулеріне әсер етпеуі мүмкін, түсінемін.) Яғни, ұзаққа жететін, ол тәтті шоколад батончигі не асқазаныңызды алдайтын (алданса) «хлебцы» болуы мүмкін. Мұндай азық-түліктерді иық сөмкеңізге салып алып жүре аласыз. Себебі, көрнекі жерлердің көбінде тамақтану сізге өте қымбатқа түсуі мүмкін. Үнемі жаныңызға су құятын бөтелке алып жүріңіз. Мүмкіндік болса, қалташадағы кофе мен бір реттік шәй. Маңызды, қазақтарға түртіп алуға, біз жаңа нәрселерді жақсы көретін қызыққұмар халықпыз ғой. Сондықтан ескертпе, жаңа елге барғанда «дәмін көрейік», «ауыз тиейік» деп бассалуға болмайды. Бұл қауіпті улануға (отравление) алып келуі мүмкін.
Орналасқан қонақ үйіңізде «швед столы» болса, міндетті түрде тіркеліңіз. Аз қаражатқа көп ас. Мұндай тамақтану, асханалардағы біздің қазақтың орта кесесінің төрттен бір бөлігін құрайтын борщта әлдеқайда тойымды. Бәрі тегін қалағаныңызша салып алып, тамақтаныңыз. (Ас болсын, тек қағазқапшыққа (пакет) салып алып кету жоқ!)
Жоғарыда көрсетілгендер, сіздің аз қаражатпен қызықты саяхаттауыңызға арналған азды-кем кеңестер. Пайдаңызға жаратыңыз.