Коммуналды қызметтен қалай үнемдеуге болады?
Әрине, тарифтің өсімін қатырып қоя алмаймыз. Бірақ сізде квитанциядағы сандарды азайтуға мүмкіндік ұсынбақшымыз. Коммуналды қызметке жалақысының жарымын беріп жүрген жандар аз емес. Сондықтан коммуналды қызметтерден ақша үнемдеу бүгінде актуалды тақырып.
Теледидарды сымтетіктен мүлде ажырату. Теледидар сіздің ұялы телефоныңызда, ноутбугыңызда, олай болса, теледидар сіздің қонақ бөлмеңізде неге қосылып тұр. Теледидарды әлдеқашан әрлеп-сырлап, сувенирлер қатарына қосуыңызға болушы еді. Тек сіз «теледидар қараудың өзі өнер» деген адамдардың қатарынан болмасаңыз.
Сізге сувенирлер қатарына тағы сыйлық - үй телефоны.
Екітарифтік есептегіш (двухтарифный счетчик) орнатыңыз. Едәуір үнемді құрылғы. Бұл зат қуаткөзін күндіз-түні реттеп отырады.
Суды үнемдеңіз. Тіс тазалау уақытында, ыдыс жуу уақытында міндетті түрде суды бекіту қажет. Ал дұрысы, ыдыс жуатын машина сатып алыңыз. Қыздар, ол сіздердің қаржыңызды үнемдейді, уақытыңызды, қолыңызды, ең бастысы маникюрға кететін ақшаңызды үнемдейді.
Резеткіге арналған таймер. Басты ерекшелігі, резеткінің қосып, өшіретін тетігі болады. Аз болса да үнемдеп қалғысы келетін экономисттерге арналған.
Қуат көзін аз жейтін лампаларды сатып алыңыз. Мұндай лампаларға аз қуат кетеді, оның үстіне жақсы жарық береді.
Тез қыздырылатын нева металлды ыдыстарды қолданыңыз. Алайда, бұл тым артық сияқты ма, жоқ, үнемнің аты үнем. Оның үстіне мұндай ыдыстар сіздің алтынға тең уақытыңызды да үнемдейді.
Суға аэратор орнату да жақсы шешім. Аэратор кранға орнатылатын саптама. Құрылғы судың қуатын екі-үш есеге азайтады. Аэратордың бағасы 1500, 3000 тг тұратынын ескерсек, «үнемнің көкесі» деген атқа лайықты.
Кірді аз температурада жуыңыз. Стиралды машинамен жуғанда градусқа мән беретіндер аз. 60 °C өте жоғары, соляркаға аунатылған кірлер болмаса, басқаларын 30 °C-та да жуып шығуға болады.
Ең маңыздысы үнемі квитанцияны тексеріп, бұрынғы есеппен салыстырып отырыңыз. Өйткені, кейде квитанция қағазындағы сандар «қиял ғажайып әңгімелері».