Тісіңіздің өмірі ұзақ болсын десеңіз

Oinet.kz 10-07-2019 1469

viniry-hollywood730400.jpg

Мінсіз голливуд күлкісіне ие болу үшін, тісті күніне екі рет тазалау жеткіліксіз. Тістеріңіздің саулығы мен кристалдығын сақтап қалу үшін ауыз қуысының гигиенасын сақтау маңызды. Тіске немғұрайлы қарау, кейде тым қауіпті сырқаттарға алып келеді. Тіс дәрігері Ілияс мырзаның айтуынша, тісіңіздің өмірін ұзақ ету үшін үй жағдайындағы ем-домдармен қоса, уақытылы тіс дәрігеріне қаралып, кеңесіп тұрған жөн. Төменде тіс күтіміне қатысты ең маңызды кеңестер ұсынылды:

v4-900px-Care-for-Your-Teeth-Step-4-Version-3.jpg


Таңертең ауыз қуысын шайқауышпен шайып болған соң ғана тамақтануға рұқсат етіледі.

v4-900px-Care-for-Your-Teeth-Step-1-Version-3.jpg


Таңертеңгілік астан соң тісті міндетті түрде мұқият жуу қажет. Тіс тазалағыш тісқылшағыңыздың таза жерде тұруын қадағалаңыз, себебі ауыз қуысы арқылы асхазанға түрлі зиянды бактериялар тез енеді. 

v4-900px-Care-for-Your-Teeth-Step-13-Version-2.jpg

Дәрігердің айтуынша, тісті екі реттен де көп жууға болады. Ол үшін тіс эмаліне зақым келтірмейтін жұмсақ қылшақты тісқылшағын пайдалану керек.

v4-900px-Care-for-Your-Teeth-Step-3-Version-3.jpg

Тіс арасындағы және қызыл иектегі тіс өңезін тжібімен күніне бір рет тазалап тұру қажет. Бұл процесс тіс өңезінің қатып тіс тасына айналып кетпеуіне, керісінше оның минерализациялануына көмегін тигізеді.

v4-900px-Care-for-Your-Teeth-Step-7-Version-3.jpg

Тісіңізге зиянын тигізетін негізгі ас араларындағы басытқылар (закуска), қант пен крахмалды тұтыну арқылы сіздің ауыс қуысыңыздағы тіс тастарының тіс эмаліне шабуылға шығуына ерекше мүмкіндік пайда болады.

v4-900px-Care-for-Your-Teeth-Step-11-Version-3.jpg

Жүйелі түрде стомотологтың қабылдауында болып, ауыз қуысы мәселелерінің алдын алып профессионалды тіс тазалаудан өтіңіз

Кальци, фосфор және фтор дәрумендері бар көкөністер мен жемістерді тұтынуды әдетке айналдырыңыздар. Олар:

  • Кальций: сүтті тағамдар; көкөністер мен жемістердің қабығы; балық; бұршақ тұқымдастар.

  • Фосфор: балық; жаңғақтар; дәнді-дақылдар; жасымық.

  • Фтор: су.

v4-900px-Care-for-Your-Teeth-Step-9-Version-3.jpg

Қатты тағамдарды жақсылап шайнау да тістің зақымданбасы үшін дұрыс шешім.

Жасымыз келген сайын тісіміздің сезімталдылығы да арта береді. Бұрынғысынан көбірек күтімді талап етеді. Эмальмен қорғалмаған тіс қызыл иегінің төмен түсуі байқалады. Температураның тітіркенгіштік факторларынан (ыстық, суық) тісте аурушаңдық пайда болады. Егер сізді мұндай жеңіл тіс аурулары байқалса, сезімтал тістерге арналған тіс пастасын қолданғаныңыз абзал. Ал, симптом сізден біраз уақытқа дейін арылмай қойса, міндетті түрде тіс дәрігеріне қаралыңыз.

Зақымданған тісті қатайту үшін тіссауытын кию қажет. Тіссауыты зақымданған тістерді толығымен жауып не жасырып тұрады. Онымен қоса, тістеріңіздің біркелкі болып, «әсем күлкі» себепшісі болу қасиетіне ие.

Ал, түскен немесе жұлынған тістеріңіздің орнына имплант жасанды тісін немесе көпірлі протез қойылады. Тісіңізді емдейтін дәрігерді де байыппен таңдаңыз, асықпаңыз, себебі, сіз дәрігерге өзіңіздің 12-ші мүшеңізді сеніп тапсырғалы тұрсыз.

Тісімді қалай аппақ қардай кіршіксіз ете аламын?

Әрине, бұл кез келген адамның арманы болар. Тістің сіздің сұлулығыңызда ойнайтын рөлі басым. Сіздің қардай ақ жалтыраған тістеріңіз достарыңызды есінен тандыруы мүмкін. Ал, керісінше, жағымсыз иіс пен ұсқынсыз тістер олардың сізбен екі шақырымнан сәлемдесуіне әкеліп соғады. Сонымен, тісңіздің ақ болуына көмектесетін зат алдымен ағартатын функциялы тіс пастасы. Немесе дәрігер бөлмесіндегі профессионалды тіс ағарту процессі. Бұл процесс қауіпсіз, залалсыз, сондықтан қорықпай дәрігермен кеңесіп сіздің тісіңіздің деңгейіндегі ағартуды қабылдайсыз. Ең жақсысы бұл процесс сіздің аз уақытыңыз мен аз қаражатыңызды ғана алады.

Жағымсыз иістен қалай арыламын?

Ауыздан шығатын жағымсыз иіс сіздің көңіл-күйіңіздің түсуіне, өз-өзіңізге деген сенімсіздік пайда болуына себепші екені рас. Жағымсыз иістен біржолата құтылу үшін оның не себепті шығатынын анықтау қажет. Оның небәрі 3 себебі болады:

  • ауыз қуысындағы бактериялар

  • дәрі-дәрмектер мен ауру-сырқаулар

  • алкаголь мен темекі, диета

Ал, арылудың 3 жолы:

  • гигиеналық әдістер

  • көп мөлшердегі су

  • үй жағдайындағы күтім әдістері

Тағы, айта кетерлік пайдалы кеңесіміз, егер ауызыңыздағы жағымсыз иіс шығуын тоқтатпаса ауыз қуысына арналған спрейді өте қолжетімді бағада сатып ала аласыз. Мәселен, «Блец фрэш» спрейі таптырмас көмекшіңіз бола алады.

Тілдегі бактериялар тістегілерден екі есе көп. Иә, расында да солай. Ал, көпшілік тек тісінің тазалануына жіті мән беріп, тіл тазалығына аса уақытын жұмсай бермейді. Алайда, ауыз қуысын тазалау барысында тіл бетіндегі орналасқан жағымсыз иіс шығарушы бактерияларды жою қажет.

Тістеріңіздің саулығына жіті көңіл бөліңіз. Кеңестерді пайдаңызға жаратыңыз.

Жапондықтардың жүзжылдығының сыры
Қалай жақсы адам боламын?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу