Жаз мезгіліне 3 лайфхак

Oinet.kz 30-05-2019 1408

image_l.jpg

Мінекей көктем қол бұлғап қош айтысып , жаз маусымы келіп жетті. Адамдардың бірі қуана қарсы алса , екінші бірі ашық күн көзінен қалай қорғанудың жолын таппай жүр. Күн сәулесінен қатты қорықпаңыз. Медицина мамандарының зерттеуіне сүйенсек, күн ағзадағы Д витаминің негізгі көзі болып табылады. Адам терісіндегі Д дәрәумені ультракүлгін сәуле арқылы балардың сүйегінің тез мықты өсіуіне,асқазан цекрециясын, қан айналымын жақсарту, сондай-ақ қандағы гемоглобин, кальций, фосфор, магний т. б дәрумендерді толықтайды және көңіл күйдің тұрақтылғын сақтауға көмектеседі. Күндегі ультыракүлгін сәулесі тері клеткасындағы мекропты өлтірудің тамаша жолы.

Уақытты дұрыс жоспарлаңыз. Таңертең оннан бұрын, кешкі төрттен кейін бақшада, таза ауада серуендеп, спортпен айналысуға болады. Ал сағат он мен төрттің аралығы сыртқа шықпаған жөн. Күн нұры тік түсендіктен , ағзаның тез құрғауына және теріге оңай зақым келтіреді .

Жоғары температурадағы өзгеріске ағзаңызды үйретіңіз. Ыстық температурада тер көп бөлініп шықққандықтан, жүрек қағысы тездеп, қан қысымы төмендеп, ағзаға көп салмақ түседі. Әлсіздік пайда болады. Мұндай кезде сүт өнімдерін, айран немесе суға бал, қосып ішкен жөн.

Теріңізге дұрыс күтім жасаңыз. Барлық арудың басты арманы - күнге күйіп кетпеу. Ол үшін құрамында SPF бар кремдерге жүгінеміз. Кремді қалай дұрыс пайдалану үшін мына мәліметтерге назар аударыңыз. Жасөспірім қыздар SPF 15-20 асып кетпеген дұрыс. Жас теріге жоғары химиалық қоспадағы кремдерді қолданса, тітіркеніп теріге зақым тиеді. SPF кремін далаға шығардан 20-30 минут бұрын жағып қойу керек. Сонда ғана крем теріңізге сіңіп, күннен қорғай алады. Күнің астында көп жүретін болсаңыз әр 2 сағатта бір жаңартып жағып жүріңіз.

Косметикалық өнімнің басым бөлігі Қытай, Кореядан импортталады. Тұтынушылар сатыушылардың тауарын өткізіу барсындағы тәтті сөздерге көзсіз сенеміз. SPF жоғары болған сайын, күннен қорғауы жақсы болады деген мифке байланып қалғанбыз. Алайда косметологтардың пікіріне сүйенсек, SPF 15 93% күн көзінен қорғай алады, SPF 30 - 97% , SPF 50 -98 , салыстырғанда тек 1% ғана жоғары. Сондықтан күнен қорғау кремін таңдағанда, SPF 30 аспаған дұрыс деп кеңес береді.

Бағила КЕРІМБЕК, 

ХҚТУ-дың ІІ курс студент

Смартфономания...
Ағаштардың адамдарды емдей алатын қасиеті бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу