Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Күнделікті күйбең тірлікпен адамзат баласы қоршаған ортаға мән бере бермейді. Әйтеуір ағып жатқан су, өсіп тұрған ағаш, жайқалып тұрған гүлге көзіміздің бір қиығын салып өте береміз. Алайда бізді қоршаған ортадағы әрбір тіршілік иесінің соның ішінде флора, яғни өсімдіктер әлемінің адам өміріне жасап отырған ықпалының зор екенін аңғара бермейміз. Ия, жасыл желектің ауаны тазартып, саясын сыйлайтынын білеміз. Ал олардың біздің көңіл-күйімізге, рухани жағынан өсіп-жетілуімізге, тіпті тәрбиемізге де тікелей қатысты екенін сезбейміз. Мәселен ағаштың қасиеті бір басына жетіп артылады екен. Мұны канадалық ғалымдар дәлелдеп отыр. Олардың зерттеуінше, ағаштардың әртүрлі емдік қасиеттері бар болып шықты. Барселондағы CREAL Қоршаған орта эпидемиологиялық зерттеу орталығының ғалымдарының айтуынша, экологиялық таза аймақта және табиғатпен үндесіп өскен бала зерек, әрі есте сақтау қабілеті мықты болады екен. Канадада ғалымдардың үлкен Торонто аумағында өсірілген ағаштарды санап, тұрғындардың орналасу мекеніндегі үлесін анықтаған. Нәтижесінде ағаш көп отырғызылған аудан тұрғындарын аурулар мазалай қоймайтындығын және медициналық көмекке анда-санда ғана жүгінетіндігі анықталған.
«Көпшілік өзін қоршаған табиғатқа немқұрайлы қарайды. Мен көп жылдан бері қоршаған орта табиғатының адам миы мен жүріс-тұрысына әсерін зертеумен келемін» дейді экспериментке қатысушы, Чикаго университетінің психолог профессоры Марк Г.Берман. Мамандардың айтуынша, бір ағаш жылына 4,5 кг әрқилы зиянды ластануды сіңіре алады. Сондай-ақ, АҚШ орман қызметі қызметкерлерінің айтуынша, ағаштар адамдарды 670 мың тыныс жолы күрделі вирустық инфекциялардан зақымдануды сақтайды. Ағаштардың денсаулыққа пайдасын айтапағанның өзінде әсіресе жас баланың психологиясына жақсы әсер етеді екен. Табиғаты әсем, орманды, жасыл желекті өлкеде өскен бала қоршаған ортаға ғана емес адамдарға жанашыр, сезімтал болып қалыптасады. Бақасаңыздар көптеген ақын-жазушылар, өнер иелері менің шабытыма шабыт қосқан туған өлкемнің табиғаты деп жатады. Табиғат пен адамның егіз ұғым екенін осыдан-ақ байқауға болады.
Өкінішке қарай, қазір адамзат баласы табиғаттан алшақтап барады. Ауылды жерлерде болмаса айналасын көгалдандырып, ағаш егетін жандар кем. Есігінің алдына ағаш отырғызудың орнына бүгінде жел өтпестей етіп, зәулім дуалдармен қоршап, топырақтың бетін көрсетпей бетондап тастаймыз. Тас қапастан кейін адамның тынысы тарылмағанда қайтсін, оның үстіне адам шаршағанда бір сәт ағаштың көлеңкесін саялап отырса көңіл-күйі орнығып, миы демалады. Компьютерлік ойындардан бас алмайтын балаларды бір мезгіл саябақ, демлаыс орындарына апарып, қыдыртып тұрсақ соның өзі олардың денсаулығына да, ой-өрісіне де айтарлықтай оң әсер етер еді.
Құдірет Бимұрзаев,
Жамбыл облысы