Дәмді тағам пісіру барысына қажетті пайдалы кеңестер
✅ 1. Торт құрғап, қатып қалмас үшін оның кесілген бөлігіне тіс шұқитын таяқшамен нан тілімдерін «қадап» қойсаңыз болады. Бұл жағдайда торт емес, нан құрғайды.
✅ 2. Сорпаның тұзы шектен тыс көп болып кеткен жағдайда мынадай қулық жасауға болады: дәкеге жарманы орап, оны сорпаға салыңыз. Сорпа қайнап жатқан кезде артық тұз жармаға сіңеді.
✅ 3. Бауыр тым қатты болмасын десеңіз, оны пісуге аз қалғанда тұздаңыз.
✅ 4. Бананның түп жағын скотчтап тастасаңыз, тез қараймайды.
✅ 5. Тәтті тоқаштың үстіңгі жағы күйіп бара жатса, үстіне сулы орамал жаба қойыңыз.
✅ 6. Күріштің түсі әппақ маржандай болғанын қаласаңыз, оны қайнатқан кезде бірер тамшы сірке суын қосыңыз.
✅ 7. Сарғайып бара жатқан аскөкті бірден тастай салмаңыз. Оны майдалап турап, зәйтүн майымен араластырып, мұзға арналған қалыпқа салып қойыңыз. Кейін салатқа қосқанда керек болады.
✅ 8. Үрмебұршақтың қараймағанын қаласаңыз, қайнатқан сәтте бетін жаппағаныңыз абзал.
✅ 9. Сиыр етін пісірместен жарты сағат бұрын майонезбен маринадтасаңыз, жұп-жұмсақ болады.
✅ 10. Қайнатылған жұмыртқаны тураған кезде сарыуызы қайта-қайта жабыса берсе, пышақты салқын суға жуып алыңыз.
✅ 11. Құрғап қалған чипсы мен крекерді қысқатолқынды пешке салу арқылы қалпына келтіруге болады.
✅ 12. Сорпаның түсі мөп-мөлдір болсын десеңіз, оған аз-маз мұз салып, қайнағанша күтіңіз.
✅ 13. Жұмыртқаны тоңазытқышқа салмас бұрын сыртына өсімдік майын жағыңыз. Сонда ол 3-4 апта бойы балғын күйін сақтайды.
✅ 14. Тартылған ет дәмдірек болуы үшін оған майдалап үгітілген пияз бен шикі картопты қосуға болады.
✅ 15. Миндальді қайнаған суға 3 минутқа салып, одан соң, суық суға салған жағдайда оңай аршылады.
✅ 16. Қаймақтан тамаша крем жасау үшін оған шикі ақуыз қосыңыз.
✅ 17. Алма мен картопты бір жерде сақтаңыз. Алманың құрамындағы этилен картоптың бүршіктенуіне мүмкіндік бермейді.
✅ 18. Ұнтақталған кофеге бір шымшым тұз қосып жіберсеңіз, дәмі жақсарады.
✅ 19. Еттің қабығы қытырлап тұруы үшін сыртына бал, анар шырыны немесе су қосылған коньяк жағу қажет.
✅ 20. Майонез, зәйтүн майының қалдығы қалған ыдысқа аздаған сірке суын құйсаңыз, салатқа қосатын тамаша қоспа шығады.
✅ 21. Ананасты басын төмен қаратып сақтаған жағдайда ол ертерек піседі. Бастысы, жапырақтарын жұлуды ұмытпаған жөн.
✅ 22. «Винегрет» салатына 1 ас қасық қайнаған сүт пен бір шымшым қант қоссаңыз, дәмді болады.
✅ 23. Ет сорпасына жуылған банан қабығын қосқан жағдайда ет жұмсақ піседі.
✅ 24. Сірке суы мен тұздың орнына лимон шырынын жиі қолдануға болады. Цитрус дәмі кез келген тағамға ерекше дәм береді.