Әр күніңізге арналған пайдалы кеңестер
Әр күніңізге арналған пайдалы кеңестер:
✅ Күніне кем дегенде 10-30 минут серуендеңіз.
✅ Күніне кем дегенде 10 минут тыныштықта болыңыз.
✅ Жеті сағаттан кем ұйықтамаңыз.
✅ Кітапты көп оқыңыз.
✅ Мүмкіндігінше бос уақытыңызды 70 жастан асқан қарттармен және 6 жастан кіші балалармен өткізіңіз.
✅ Армандаңыз.
✅ Зауытта өндірілетін азық-түлікті азырақ, табиғи өнімдерді көбірек жеңіз.
✅ Алтын уақытыңызды өсек, өтірік айтуға жұмсамаңыз.
✅ Күніне кем дегенде үш адамға күлкі сыйлаңыз.
✅ Өткенді ұмытыңыз. Ескі жанжалдарды туыстарыңыздың есіне салмаңыз. Бұл бүгінгі бақытыңызға кедергі.
✅ Жағымсыз ойлардан арылыңыз. Жақсы нәрселерге көңіл бөліңіз. Өмір – мектеп. Біз өмірге сабақ алып, тәжірибе жинау, ақылды бола түсу үшін келдік.
✅ Біреуді жек көруге күш-жігеріңізді жұмсамаңыз, өйткені өмір тым қысқа.