Мейрамхана этикасы: ер адамдар қалай әрекет ету керек?

Oinet.kz 28-09-2020 1828

Мейрамхана этикасы өзіне тән алуандыққа ие. Егер, ер мен әйел кездесуге аяқ астынан шықса, мейрамханада ердің орын табуы міндет. Ал тиісінше, кездесу бұрынырақ белгіленсе, жігіт мейрамханаға келісілген уақтан бұрынырақ барғаны абзал. Тапсырыс берілген үстелдің орналасуын  даяшыдан біліп, әйел келгенге дейін ыңғайлы атмосфера орнатады. Әйелді есіктен қарсы алып, гардеробқа киім тапсыруына көмек беріп, залға бағыт көрсетеді. 

image.png

Әдетте залға кірер алдында келушілер өздерін айнадан қарайды. Айна алдында шашты немесе киімді түзетуге болады (бұл ерлерге де, әйелдерге де ортақ). Алайда, киімнің және шаштың қатты ретсіздігі дәретханада түзелгені жөн.

Мейрамхана залына бірінші ер адам кіреді, серігі одан кейін. Егер залға бірінші болып әйел кірген болса, үстелге қарай ер адам оны сәл басып озып, орынды көрсетіп ығ,айлы жайғастырады.  Ең ыңғайлы орындар әдетте: Қабырғаға жақын орта тұстағы орын.

Таныстарыңызды көріп қалсаңыз, бас салып қасына отырып алмаған жөн. Сәлемдесіп, «Ас болсын!» десеңіз жеткілікті. Жұп болып барғанда, жекелей мәзір оқылады. Егер көпшілікпен барсаңыз, бір адам мәзірді дауыстап оқып, жекелей тапсырыс берген этика шеңберін сақтайды. 

Даяшыға дауысты қатты шығарып, бір зат пен дыбыс шығарып әлекке салынбаған жөн. Тек жақын келгенде ымдасаңыз жеткілікті. Бұлл әригне арнайы шақыру тетігі болмаған жағдайда. 

Үстел үстінде шаш тарап, яки қолды үстел астына қойып қобалжығанды басу үшін түрлі әрекеттермен шұғылдануға болмайды. Ол жаныңыздағы адам үшін құрметсіздік. 

Үлкен мейманасыларда көрші үстелдегілермен сөйлесу маңыйыңызға қолайсыздық тудырады. Көрші үстелдегі адаммен сөйлесу үшін өзгелерді орнынан тұрғызбаңыз. Тек өзіңізге қажет адаммен диалог құруға дұрыс ыңғай жарата біліңіз.Ортақ әңгіме басталған сәтте ғана орныңыздан тұруыңызға болады. Ескеретін жайт, мейрамханада мәзірден өзге ештеме оқуға болмайды!

Егер үстел үлкен болса серігіңізді сол жаққа, кішкентай болса-керісінше, оң жаққа отырғызуыңыз  керек. Көпшілік жиында  қонақтың мүдде шеңберін және жасын ескеріп (банкетболмаса әрине) отырғызылуы керек.

Көпшілік ортада ер адам серігінсіз келсе, оң жағындағы әйелмен ортақ диалог құрғаны абзал. Биге кез келген қонақтың бірін шақыруға болады. Бейтаныс адамға көңіліңіз түспесе, көңілі үшін екі рет билеу қажет емес. Билеп жүріп темекі шекпеңіз. Егер серігімен келген әйелді биге шақырғыңыз келсе, алдымен жұбынан рұқсат сұрап алыңыз. 

Шот төлеу кезінде әдетте келесі ережелерді ұстанады:

  • Егер мейрамханаға бір адам шақырса, онда ол есепті төлейді.

  • Әйел адамды шақырған ер төлейді. Әйел қаласа, өзі төлеуге болады. 

Есеп төлер кезде ешқандай дау яки пікірталассыз тыныш формат сақталғаны жөн.  Кездесуге шақырылған бикештің шот төлеймін деп қиқарланбағаны сүйкімдірек қабылданады. Мейрамханадан шығарда ер кісі әйелге сырт киімін киюге жәрдемдессе болады. 

Ішектегі құртты құртудың жолы
Ара ұясының қандай пайдасы бар?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу