Ішектегі құртты құртудың жолы

Oinet.kz 29-08-2020 854

image.png

1. Бір ас қасық ұнтақталған жусанды (полынь) 300 миллилитр қайнаған суда 10 минут тұндырып, сүзіп алыңыз. Оны ұйқы алдында, кешкі тамақтан 2 сағаттан кейін ішу керек. 4 күн жасасаңыз жеткілікті.

2. Салмағы 100 грамм болатындай бір бас пиязды үккіштен өткізіп, бір шай қасық тұз салыңыз. Оған 50 миллилитр күнбағыс майын қосып, ұйықтар алдында жейсіз. Бұл емді 5 күн жасау керек.

3. Түнде ұйықтар алдында сарымсақтың екі бөлігін майдалап, сонымен тең мөлшерде қайнаған сумен араластырып жұту керек. Соңынан көп мөлшерде (500 миллилитр) су ішіңіз. Бұл емді үш түн қа¬тарынан қолданыңыз. Бір апта үзіліс¬тен кейін тағы да үш күн қайталайсыз.

4. Қызылшаны майдалап, сөлін сығып алыңыз. Әр күні таңертең аш қарынға және ұйықтар алдында 100 миллилитр ішіп жүру керек деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Бұл емді екі апта жасайсыз.

5. Қабығынан тазартылған асқабақ дәнінің 100 грамын ұнтақтап, оған 100 миллилитр зәйтүн майын қосып, әбден араластырасыз. Таңертең ашқарынға түгелдей жеп тауысасыз. Үш сағаттан кейін тамақтану керек. Бұл емді үш күн қайталаған дұрыс. Келесі емдік курсты екі күннен кейін жасауға болады. Асқабақ дәнінен қайнатпа да әзірлеп ішуге болады. Ол үшін 100 грамм ұнтақталған асқабақ дәніне 500 миллилитр су құйып, 20 минут қайнатып, оны таңертеңгілік уақытта ішу керек. Бұл емді 7 күн жасайсыз.

Араның ұясы көп кеселге дәру
Мейрамхана этикасы: ер адамдар қалай әрекет ету керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу