Араның ұясы көп кеселге дәру
Кәдімгі шаққан жерін удай ашытып, ойбайлата жөнелетін сары араның ұясы көптеген кеселге шипа екен.
- Қол-аяқ жасызданғанда сары ара ұясының үлкендеуінен бір данасы, оған қосымшак кішілеуінен 3-4 данасын алып, жалқы өскен сарымсақпен қосып жаншып, аурырған жерге таңу керек.
- Араның ұясы тері қышымасына да пайдалы. Ол үшін ара ұясын өңделген спиртке 7 күн шылап, 8-ші күннен бастап қышымаға бірнеше рет жағады.
- Әйелдерде омырау безі ісінгенде ара ұясын отқа өртеп, сол күлдің 6 грамын суға бұқтырып, онымен ауызды шаяды деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Спиртке ірнеше рет шылап алса, ара ұясы өңделген болып саналады. Ыстық-суықтан тіс қақсағанда соны суға бұқтырып, сол сумен ауызды шаюға болады. Қажетті мөлшерде алып, қақсаған тіске басады.
- Іш ауруы (дизентерия) кезінде ара ұясын кептіріп, ұнтақтаған соң, күніне 0,3 граммнан екі-үш рет ішеді.
Баланың кіндігі сыртқа шығып кеткенде, ара ұясын өртеп, күлін кіндікке тағады.
- Бұл рецепттер XY ғасырдағы ғалым-шипагер, қазақ халық медицинасының негізін қалаған Өтебойдақ Тілеуқабылұлының жазбаларынан алынған. Ғалым онда араның ұясын күзде немесе қыста жинау керек депті. Сосын оны азырақ булағаннан кейін, өлген араларды алып тастап, кептіріп қою керек. Құрамында балауыз, ағаш майы тектес зат және ұшпа май бар бұл ұяны құрғақ жерде сақтаса, қай кезде де қолдана беруге болады екен.