Шаштың түсуін қалай тоқтатуға болады?

Oinet.kz 03-09-2020 2714

Трихолог (шаштың морфологиясы мен физиологиясын зерттейтін ғылым) ғалымдар күніне 50-80 тал шаштың түсуі норма санайды. Дегенмен бастан түскен әр дана шашты санап жүрмесіміз нақ.  Ғылымда шаштың түсуін “алопеция” деп атайды. Түскен шашыңыз ваннаны бітесе, тарақта тым көп жиналса, сіздің уайымдауыңызға негіз бар. 

Себебін табуға тырысайық

image.png

Шаш неліктен түсуін табу күрделі. Себебі оған әсер етуші факторлар көп: шаштың түсуі тұқым қуалайды, уақытылы тамақтанбау, күйзеліс, зиянды әдеттер, ұйқысыздық пен депрессия, қалжырау, шаш күтіміне мән бермеу, қандағы темір деңгейінің жеткіліксіздігі, гормондық ауытқушылық, жиі күйзеліске түсу, өт жолдары мен асқазан жұмысының бұзылуы. Нақты себебін табу – сіздің  шашыңызды сақтаудың кілті. 

Мұқият күтім жасау

image.png

Шампуньмен күнделікті шашты жуу арқылы, құрғатып жібересіз. Шашты аптасына 2-3 рет қана жуу керек. Шаш жуғанда судың температурасы да күтімде ерекшелікке ие. Ыстық су шаштың қабыршақтарын ашып, арасындағы кірді кетіруге көмектеседі. Ал жылы су бас терісінен бөлінетін майды шаюға ықпал етеді. Ал бұл, өз кезегінде, сусабынның құрамындағы пайдалы элементтердің дұрыс сіңуіне жол береді.

Шаштың түсуін тежеу үшін үй жағдайында түймедақ, алоэ, қалақай, жалбыз шөптерін қайнатып, суын тұндырып, шашты жуғанда қолданса пайдалы. 

Бас терісіне күтім жасау

image.png

Жасына немесе басқа себептерге байланысты фолликула қызметі нашарлайды. Шаш түбірі әлсізденгендіктен түсуге бейім, сынғыш болады. Егер бұл жайт бастапқы кезде анықталса, емдеуге болады. Шаштың түсуіне қарсы және нығайтуға арналған арнайы құралдар шаш фолликулаларының функционалдығын қалпына келтіреді.

Массаж жасау

image.png

Массаж шаш фолликулаларына белсенді компоненттер мен оттегін тез жеткізуге көмектеседі. Бас терісін күніне арнайы екі рет уқалау арқылы қан айналымын жақсартуға болады. Бас терісіне массажды жақсы жасау, шаш саулығына ғана емес көңіл-күйді жақсартады. Шаш жуғанда, басыңызды уқалаңыз. Массажға арналған май қолданып, 5-6 минут бойы оны басыңызға жағыңыз. Артынан шашыңызды ағаш тарақпен тарап шығыңыз.

Кәсіби процедурадан қорықпаңыз

image.png

Мезотерапия, криотерапия, плазмотерапия : трихолог маман тағайындайтын ем түрі. Алопецияны емдеудің ең тиімді әдісі – плазмолифтинг. Яғни, пациенттің өз қанынан дайындалған препаратты енгізу. Бұл процедуралардың эффективтілігі сол, шаш сиреген аймаққа арнайы тағайындалады. 

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Күріш суы арқылы арықтаймыз, теріні тазартамыз, шашты қалпына келтіреміз
Баланың оқуға ынтасын қалай ашуға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу