«Батька» сыр берді
23-05-2023
Істі кейінге қалдыра беру ол жұмысты ұнатпайтыныңызбен байланысты. Кейде бұл жағдаят стресске шалдықтыруы мүмкін. Жұмыс барысында өзіңді жағымсыз сезініп, қылмыскердей қуыстануға әкелетін әдеттен арылудың жолын іздеп көрелік.
Прокрастинация – істі кейінге қалдыру әдеті. Прокастинация-иррационалдық мінез-құлық, өйткені прокрастинатор кейінге қалдырғанының дұрыс еместігін іштей түйсінеді . Бұл әдеттен арылмас бұрын қаншалықты жиі қолданатыныңызды саралаңыз.
Ішкі ыңғайсыздықты жеңілдетуді үйреніңіз
Жаңа тапсырманы бастағанда біз қорқыныш сезімін немесе зерігу күйін сезінеміз. Біз жұмыс барысындағы ұнамсыз сезімдерге комплекспен қараймыз. Міндетті кейінге шегеру арқылы жан тыныштығын тапқандай дамылдаймыз.Бірақ бұл переспективада қалу біздің жұмысқа тиімділік сапамызды төмендете түседі. Жасап жатқан жұмысқа бейнет деп қарамай процессті қызық кешірудің тетігін іздеген жөн. Ұнамайтын іспен қас болмай, атқаруға асығыңыз. Ұнамайтын жұмысты кейінге шегеруден байқамағансыз, адамдар өзіне ұнамайтын істі лездік жылдамдықпен атқарады. Сізге бұл жұмыстың нәтижесі емес, сізге келер пайдасы көбірек ойландырсын. Өзіңізден тыс деп емес, өзіңізбен жұп деп қабылдағанда ғана жұмысты «аһ, ух-сыз» атқарасыз.
Сізге қажетті эмоцияға назар аударыңыз
Адам бір оқиғаға бірнеше эмоция таныта алады. Сіз қай реакцияңыз оқиғаға оң шешім беретініне басымдық беріңіз. Кез келген мінездің асылы жақсы әрекеттермен байланыста. Тек оларды орынды қолдана біліңіз. Сіз қаламаған істі атқарып та танымыңызды кеңіте білесіз. Мүмкін өзіңізге ұнамайтын формада жұмыс нәтижесін шығару керек болсаңыз, ол этика ережелерін бұзбаса болғаны. Жаңа ақпарат- жаңашыл ойлардың бастамасы. Өзіңізге сылтау айтар мұрсат бермеңіз. Істі атқарып болған соң өзіңізге міндетті түрде жігерлендіруші сыйлық беріңіз. Істі ертеңге қалдырмай осы күні, тіпті осы сәтте атқаруға дағдыланыңыз.
Кемелдікке ұмтылмаңыз
Прокастинацияны жеңудің және мотивацияны табудың дұрыс жолы-барлығын 100 пайыз ойдағыдай жасауға ұмтылмаңыз. Шабытты күтпеңіз. Шабытты жасаңыз. Сіз жұмыспен айналысып бастағанда көп күттірмей құлшыныс оянады. Істің біткен сәтінен ләззат алып үйреніңіз. Сонда ол күйді жиі бастан кешіруге асық боласыз. Уақтылы біткен іс үшін өзіңізді мақтаудан жасқанбаңыз. Сіз қателесуге құқылысыз. Ұсақ кемшіліктерді келер жолы жібермес үшін сабақ алып үйреніңіз. Сіз бұл іспен айналысқанда тым құрымаса тәжірибе аласыз. Тәжірибе- сала туралы біліміңізді көбейтуге компас болады.
Әрекет ет. Жетістікке жет!
Прокастинацияның негізінде ертеңгі күннің бүгінгіден жақсы екендігіне деген сенім жатыр. Жұмысты кейінге қалдыру арқылы қажетсіз істен құтылғанды сезініп рахаттанамыз. Ол сезімнің ғұмыры қысқа. Ертең болғанда, бітеді. Істі ешқандай мотивация іздемей жасаңыз. Сонда, жеңіл өмір сүресіз.
Осы сәтте бар болып өмір сүру үшін ертеңге бар «ауырды» артпаңыз. Себебі, келесі күннің басталуын қуанышпен қабылдай алмай қалуыңыз мүмкін. Ертеңгі күні сіз үшін өзіңіз қаламайтын мекенге айналмас үшін әр күніңізді әсемдеңіз.
Қиялға қош айт
Кейінге қалдыруды шегергіңіз келсе жетінші аспанға самғауды доғарыңыз. Сіз жұмыс уақытында кейінге қалдырған ісіңіздің орындалу уақытын вакуумге айналдырасыз. Ол бостықтың орнын толтыру үшін әлеуметтік желіні кезіп кетесіз. Бұл әрекет бейсаналы басталғанымен, әдет болып кетеді. Желіге кіргеннен материалдық сұранысыңызға қанат бітіріп, фантазияңыз кеңірі анық. Өзіңіздің еншіңізге өтер затты тек қажеттілігі үшін таңдаңыз. Бұл жүйені уақыт басқаруда да үйреніңіз.
Суреттер ашық дереккөзден алынды.