Бала неге мазасызданады?

Oinet.kz 21-07-2020 6355

image.png

Адамның бір қызығы – бала . Нәрестенің күлкісі маңын нұрландырса, жылағаны көп адамды уайымдатады. Жұбатып сарсаңға салынған адамдарға баланың не үшін жылап жатқанын анықтауға кеңес беріледі. Бала неліктен жылайды?

Бала аш болса

image.png

Қандай да бір қажеттілік туғанда сәбидің қолданатын тілі – жылау.  Егер сәби аш болса, ешқандай бөгде тәсіл арқылы жұбатамын деп әлек болмаңыз. Бала жылау арқылы, қарнының аш екенін үлкендерге ұқтырғысы келеді. Сәбиді уақыт кестесі бойынша емізген дұрыс емес. Оны ашыққан сайын емізу керек. Сәбилердің өте жиі қарны ашады. Кейде емізгеніне 15-20 минут өтпей жатып-ақ қарны ашып жылауы мүмкін. Оны емізгеннен кейін тынышталғанына қарап білуге болады. Шешесін еме салысымен дереу жылайтын болса, оның екі себебі болғаны. Не сүтке тоймағаны, не денесінен бір қолайсыздық сезгені. 

Бала мазасызданса

image.png

Баланың денесіне бірнәрсе қолайсыздық тудырғаннан жылауы мүмкін. Жұбату үшін жөргегін яки жаялығын ауыстыру, немесе жуындыру қажет. Жарықтың дұрыс болмауы да баланы мазасыз күйге түсіреді. Балаға бар жағдайды жасағанмен жылауын доғармаса, баланы тыныштықта қалдырған абзал. Балаларда бір жасқа дейін ұйқы мөлшері көбірек болады.

Бала ауырса

image.png

Нәрестелерде кез-келген ауру өте тез дамиды .  Бала шыңғырып жыласа, тамаққа тәбеті аз болса,дене температурасы жоғарыласа маманға дереу хабарласыңыз.. Дәрігер келгенге дейін балаға дәрі-дәрмектер, ауырсынуды басатын препараттар беруге болмайды.  Мұның бәрі аурудың бейнесін айтарлықтай бұрмалап, диагностикаға кедергі келтіруі мүмкін. Балаға барынша қолайлы жағдай жасап, қолыңызға алыңыз. Емдеу аяқталғаннан кейін бала қайтадан сау және көңілді болады.

Баланың көңіл-күйі жоқ болса

image.png

 Нәрестелер кейде іші пысқаннан да мазасызданады. Балаңызбен сөйлесіп тұрыңыз, оның жағдайын жасау көңілді болуы үшін жеткіліксіз фактор. Қоршаған ортадағы құбылыстарды таныстырыңыз. Мысалы, үйде жануар болса , соны таныстырыңыз. Терезеден көліктерді көрсетіңіз.Шырақты өшіріп-қосып ойнаңыз. Балаға үлкен адамға қатынас жасағандай жағдаятты баяндап жүрсеңіз, ойы тез жетіліді. Сәбиіңізбен серуендеңіз. Жатын бөлмеден тыс асханаға барғанның өзі нәрестеге жаңа әлеммен тең. 

Суреттер ашық дереккөзден алынды.

Жылан етінің пайдасы
Бүгінгі істі қалай ертеңге қалдырмауға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу