Жылан етінің пайдасы

Oinet.kz 15-07-2020 5125

Жылан десе көз алдымызға улы, қорқынышты бауырмен жорғалаушы елестейді. Табиғатта 1500-ден аса түрі мекендейтін жыландардың адам ағзасы үшін тигізер пайдасы өте көп. Тіпті, халық арасында жылан етінен сорпа жасап ауруына ем тауып жүрген ададмдарды да естіп жатамыз. Ендеше улы жыланның қандай пайдасы бар? 

9-55.jpg

Жалпы, табиғатта жүрген жыланды дастарханға әкелген ең бірінші Қытай халқы. Кейіннен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері үйреніп күнделікті ас мәзіре қоса бастады.

Дайындау тәсілі

Жыланның емге бай етін алу үшін өмірлік тәуекелге баруға тура келеді. Улы жыланды қиыншылығына қарамай ұстаған соң басын кесіп, қанын ағызып және терісін сылып алу қажет. Сосын оны бөліктерге бөліп пісіре берсе болады. Жалпы, жылан етінің дәмі тауық етіне ұқсас болып келеді. 

Жылан етінің ең жақсысы – кобра. Әсіресе, аналық түрінің еті дәмді болып саналады. 

Жалпы, жылан етін әртүрлі тәсілмен: бұқтырып, тұздап, қайнатып, қуырып тіпті күріш, кеспе және әртүрлі тұздықтармен үйлестіріп дайындаса болады.

Screenshot_5.jpg

Жылан етінің пайдасы

Жылан еті дәмді болып қана қоймай адам денсаулығы үшін өте пайдалы. Оның құрамында әрқилы ақуыздар мен түрлі тұздар бар. Олар потенциалды арттырып, көру қабілеті мен қанайналымын жақсартып және қан қысымын төмендетеді. Азиядағы қарт кісілер жылан еті өмірді ұзартады, ал жастар теріні жұмсартады деп сенеді. 

Әрі жылан етін диеталық тағам ретінде де қолданады. Оның құрамында сиыр етіне қарағанда 2 есе аз калория мен май бар. 

Жылан етінің калориясы -  93 ккалл.

Ақша үнемдеудің сегіз тәсілі
Бала неге мазасызданады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу