Балмұздақтың пайдасы туралы білесіз бе?

Oinet.kz 08-06-2020 1414

Балалық шақта балмұздаққа әуестенбеген адам жоқ шығар. Бәріміз де балмұздақты күннің аптап ыстығы тұрмақ ауа райының салқын мезгілдерінде тұтынуды күнделікті дағдымызға айналдырғанымыз белгілі.

unnamed (1).jpg

Жалпы, балмұздақтың құрамы майлылығы 10 пайыз сүт, құрғатылған сүт (9-12%) сонымен қоса протеин, лактоза, қант (12-16%), бояу қоспалары (0,2-0,5%) және судан (55-64%) тұрады.

Бір ғана құтыдағы балмұздақтан 270-тен 375 калорияны кездестіруге болады. Бүгінде шоколад, жаңғақ, жеміс-жидек, тосап, карамель, тәтті тоқаш, банан шырыны секілді дәмдеуіштер қосылған түрлі балмұздақтарды кездестіруге болады.

Балмұздақ шамамен сүтті, кілегейлі, пломбирлі және жеміс-жидекті болып бөлінеді. Оның ішінде майлылығы өте төмен көрсеткіште сүтті, ал жеміс-жидекті балмұздақтан майды кездестіру мүмкін емес.

Балдай тәтті дәмімен тіл үйіргенімен қоса тамақты қабындыратын бұл тәттінің кейде адам ағзасына пайдасы да бар екен. Оның бір сыры тәтті құрамындағы инулинде жатыр.

Инулин — майлылығы басым балмұздақтың орнын басатын қоспа. Мұның бірден-бір пайдасы ағзадағы майлылықты азайтады. Сонымен қатар құрамы лактоза, калций, магний секілді түрлі дәрумендермен бірге ацидофильді қоспалармен байытылған балмұздақтың пайдасы асқазан, ішек жолдарының жұмыс істеу қабілетін жақсартып, микрофлораның артуына септігін тигізеді екен. Бұдан бөлек жүрек-қан тамырларының жұмысын, көз-тері қабілеттерін жақсартады.

maxresdefault.jpg

Демек, тәттіні балалардан бастап қарияға дейін тұтынғанның зияны жоқ. Денсаулыққа пайдалы тұстары да баршылық. Тек шамадан тыс жеуге де болмайтынын есте сақтаңыз.

Балмұздаққа деген құмарлығымыздың тағы бір себебі – серотин. бұл қоспаның адам ағзасын сергек сезінтіп, жағымды көңіл-күй сыйлайтын қасиеттері бар. әсіресе көңіл-күйі түсіңкі, жан күйзелісінде жүрген адамдарға таптырмайтын ем дейді мамандар.

Балалықтың бал дәмін еске түсіретін балмұздаққа деген қызығушылығымыздың артып, күнделікті тұтынуымыздың бірден-бір сыры осында жатыр екен.

Қар суының пайдасы туралы білесіз бе?
Балмұздақ дайындау тәсілі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу