Балмұздақ дайындау тәсілі
08-06-2020
Балмұздақты сатып алғанда оның ағзаға тигізетін зияны бар-жоғын ойлай бермейміз. Біз үшін ең бастысы оның дәмі. Дегенменде балмұздақтың денсаулыққа елеулі зиян туғызуы мүкін, бір түрі бар, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Rambler порталына сілтеме жасап.
Диетолог Михаил Гинзбург пломбирді денсаулыққа ең зиянды балмұздақ деп атады.
“Балмұздақтың құрамында қант пен транс майлар қосындысы болғандықтан, мамандар зиянды деп отыр. Пальма майынан басқа, гликация туралы айтуға болады. Балмұздақтың бұл түрін тым көп жейтіндердің денсаулығы сыр берері анық”, – дейді ол.
Гинзбург олардың тамыр қабырғасына теріс әсер етуі, атеросклероздың дамуына және өмір сүру ұзақтығының қысқаруына әкелетінін ескертті.
МГУПП тамақ өнеркәсібі, қонақүй бизнесі және сервис кафедрасының доценті Дмитрий Быстров балмұздақтың құрамында сүт майының алмастырғыштары бар түрін қауіпті деп атады.
Дәрігердің айтуынша, мұндай өнім ағзаға нашар сіңеді. Сондай-ақ оны өндіру үшін транс майлар жиі қолданылады. Бұнымен қоса холестерин қауіпін арттырады. Денсаулыққа қауіпті канцерогендерді қолдану онкологияға әкелуі мүмкін.
"Егер адам лактозаның бағасына байланысты сүт майын алмастыратын балмұздақ сатып алғысы келсе, онда денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Мұндай өнімнің құрамын мұқият зерделеу керек. Ол неғұрлым аз болса балмұздақ соғұрлым қауіпсіз болады", — дейді сарапшы.