Дәрігер балмұздақтың ең қауіпті түрін атады
09-06-2023
Күннің ыстығында балмұздақ жегенді кім ұнатпайды? Осы балмұздақты үй жағдайында да жасауға болады. Ендеше, дәмді балмұздақты жасап үйренейік.
Қажетті заттар:
— 1 литр сүт
— 2 кесе шекер
— 100 гр сары май
— 1 шәй қасық крахмал
— 5 жұмыртқа сарысы
Дайындалуы:
Сүтке сары майды салып отқа қоямыз. Қайнауы қажет.
Басқа ыдысқа шекер, крахмал, сарыуызды салып, миксермен араластырамыз.Араласқан соң оған керегінше сүт қосамыз. Оның сұйықтығы қаймақ сияқты болуы керек.
Оны қайнаған сүтімізге аз аздан салып, ұдайы араластырып тұрамыз. Қайнаған соң оттан түсіріп, ыдысымызды салқын суға салып суығанша қозғаймыз. Суыған сон қалыпқа салып тоңазытқышқа қоямыз.
Балмұздақ дайын. Ас болсын!