Үй жағдайында қара қазанды қалай тазалаймыз?

Oinet.kz 27-04-2020 6603

«Ас – адамның арқауы» деген сөзді бәріміз жақсы білеміз. Тамақты қара қазанға жасағандықтан оның әу бастағы тазалығына нұқсан келері анық. Кейде қонаққа барған кезде бірінші қазанына қарап тамақ ішеміз. Яғни, қазанның тазалығы сіздің қаншалықты ұқыпты екеніңізді білдірері сөзсіз. Ендеше, осы қазанды үй жағдайында майлардан қалай арылтамыз? Осы жайлы айтайық!

31566_46157-640x480.jpg

Кір сабын

Бұл тәсіл қаржылай жағынан ең қолайлы болып саналады. Қара қазанды ағарту үшін кәдімгі үй шаруашылығындағы 75 %-тік кір сабын және канцелиярлық желім қажет болады. Суды қазан сиятынтай үлкен ыдыста қайтанып, оған желім мен үгітілген кір сабынды саламыз және сабын ерігенше жақсылап араластырамыз. Қазанды ерітіндіге батырып, бірнеше сағат жәй отта қазанды қайнатып аламыз. Судың қатты қайнап кетпеуін қадағалауымыз қажет. Қазанның майы еріген соң оны шүберекпен жақсылап сүртіп аламыз да, сабынның иісі кеткенше жуамыз. Қара қазан әп-сәтте аппақ болып шыға келеді. 

Ас содасы, сірке суы және тұз

Бұл өнімдер әрбір асханадан табылары анық. Егер қазан түбінде тамақ күйсе немесе ыдыста май қатып қалса сізге көмекке осылар келеді. Яғни, қазан түбіндегі майдан арылу үшін оны отқа қойып, бірнеше ас қасық тұз және сірке суын қосып майды ерітеміз. Ерітіндіні қайнатып, оған 80 грам ас содасын қосамыз. Отты бәсендетіп, ерітіндінің қайнағанын күтеміз. Сосын қазан суыған соң оны жылы сумен жақсылап жуып тастау қажет. 

Құм

Қазанды ағартудың жаңа тәсілі кәдімгі құм арқылы. Ыдысты құмға толтырып, оны бәсең отта 10 сағат бойы қайнатып аламыз. Ескеретін жәйт: процедураны жасағанда міндетті түрде терезені ашық қалдыру қажет.

Кір жуатын ұнтақ

Аппақ қазан дәрежесіне жеткізу бір ыдысқа 2 ас қасық тұз, 2 ас қасық ас содасы, аздаған желім және 1 қасық кір жуатын ұнтақты қосамыз. Барлық қосындыны жақсылап аралстырып аламыз. Егер қазанның тек ішін тазалау қажет болса, онда ерітіндіні ішіне құйып, бәсең отқа қоямыз. Егер қазанның сыртын тазалау қажет болса, онда ерітінді қосылған үлкен ыдысқа қазанды салып бірнеше сағат қайнатамыз. Сол кезде қара қазан аппақ болып шыға келеді. Әрине, жууды ұмытпаңыз. 

Табиғи зәйтүн майы

Қара қазанды жақсылап тазалау үшін тағы бір нәтижелі тәсілді ұсынамыз. Ол үшін ыдысқа 1 қасық табиғи  зәйтүн майы мен жарты қасық шикі жұмыртқа сарысын қосамыз. Қоспаны қазанға жағып, бәсең отқа қойамыз. Ескеретін жәйт: бұл процедураны істеген кезде міндетті түрде желдеткішті қосып, терезені ашып және асхананың есігін жауып қою қажет. Өйткені түтін көп шығады мұны істегенде. 

Музыкатерапия: «Музыка мен жан әлемінің байланысы»
Үй жағдайында майлы табаны қалай тазалаймыз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу