Музыкатерапия: «Музыка мен жан әлемінің байланысы»
Әлемдік белгілі ғалымдар музыканың адамның ақыл-ой қабілетіне берер әсері мол екендігін айтады. Ғалымдар келтірген дәлелдерден бөлек, адамның психикалық және физикалық денсаулығымен музыка арасында өзара байланыс бар екендігі баршаға аян. Жүргізілген зерттеулер оны дәлелдей түседі. Музыка адамның ақыл-ойына оң әсерін тигізеді, санасын сауықтырады, сауықтыру процесін жылдамдатады, күйзелісті жеңілдетеді. Сонымен қатар, ғалымдар ең күшті емдік музыка үнді классикалық музыкасы екенін анықтады.
Музыка сіздің психикалық күйіңізге қалай әсер етеді?
Музыка депрессиядан арылуға көмектеседі
Күнделікті тіршіліктің толассыз сырғуы және тым көп жұмыс сіөзді күйзеліске алып келері сөзсіз. Мұндай сәтте әсем әуен тыңдаңыз. Ол сіздегі күйзелістің жоғалып, қуатыңыздың молаюына алып келеді. Тыныштандыратын музыканың арқасында миыңыз тынығып, ойлау деңгейін жақсы дәрежелерге көтеріп, өзіңізді жақсы сезінуге көмектеседі.
Музыка мазасыздықты азайтуға көмектеседі
Белгісіздік, қорқыныш сезімі кейде біздің санамызды бұлдыратады. Көбінесе бұл жағдай болашақ оқиғалардан қорқып, нәтиже қандай болатынын білмейтін кезде пайда болады. Ондай жағдайда өз кезегінде күйзеліс пен мазасыздық арта түседі. Мұндай сәтте сіздің бастан кешіретін жағдайларыңыз белгілі. Мысалы, ұйқысыздық, санадағы артық ойдың сізді жәйлап басқаруы сіздің мазасыздыққа алып келеді. Мазасыздықты музыкамен емдеуге болады, әуен жүйкені тыныштандыруға, ұйқыны қалпына келтіруге көмектеседі.
Музыка оқу қабілетін жақсартады
Ғалымдар музыка оқу процесіне, ойлау процесіне әсер ететіндігін дәлелдеді. Егер сіз жаттығу кезінде жанға тыныштық сыйлайтын және бірсарынды, көңілді музыканы тыңдасаңыз, есте сақтау қабілетіңіз жақсара түседі. Оқу кезінде музыка адамның көңіл-күйін көтеріп, жұмысқа деген ынтасын арттыра алады. Жағымды музыка күрделі тапсырмаларды оңай шешуге көмектеседі.
Музыка өзіне деген сенімділікті арттырады
Балалар музыка тыңдауды неғұрлым ерте бастаса, оның өсуі соғұрлым жеделдей бастайды. Музыка балаларға ғана емес, ересектерге де ақыл-ой блоктарынан арылуға, өздеріне көбірек сенім артуға көмектеседі.
Музыка миға қалай әсер етеді?
Музыка есте сақтау қабілетін жақсартады
Музыка есте сақтау қабілетін жақсартып, ми жасушаларын белсенді қабілетке ие етеді. Әсіресе, флейта, сантур және сарод дыбыстары пайдалы. Ал, классикалық музыка санаңызда сақталған естеліктер түрінде есте сақтау қабілетіңізді арттырады. Сонымен қатар, музыка мидағы ақпаратты өңдеу жылдамдығын өзгертуге көмектеседі. Ән әлемі шығармашылықты дамытып, проблемаларды шешуге жол көрсетеді. Оның мидың оң жарты шарына берер әсері мол. Ол адамның шығармашылық әлеуетіне жауап беріп, дерексіз ойлауды дамытады. Шығармашылық тапсырмаларды орындауға жәрдемдеседі.
Музыка жылдамдығын қалпына келтіру
Музыка адамды ауыртпалық пен алаңдаушылықтан алшақтатады. Мидағы кейбір физикалық процестер қалпына келеді. Музыканы жиі тыңдау жоғары қан қысымы, жүрек және қатерлі ісік аурулары бар адамдарға ұсынылады. Әрине, музыка барлық ауруларды емдей алмайды, бірақ адамның психикалық және физикалық жағдайына оң әсерін тигізіп, емделуге үміт сыйлайды.
Музыка көңіл-күйге әсер етеді
Әр адам музыкағаәртүрлі көзқараспен қарайды. Мысалы, біреуі үшін әуестік, екінші бір адамдар үшін - өмірлік қажеттілік, ал үшіншісі - мансаптық өсу үшін қажет. Біз кейде музыканың көңіл-күйге әсер ететінін білмейміз. Бұған көз жеткізгіңіз келе ме? Фондық әуенмен сауда орталығына барыңыз және өзіңізге назар салыңыз. Адамдардың барлығы сіздің көзіңізге көңілді көрінеді. Сондай-ақ, өз көңіл-күйіңіздің жақсаруына оң әсерін тигізеді. Ғалымдар адамдардың жақсы музыка естілетін жерлерде көбірек уақыт өткізетінін дәлелдеді.