Сәресіде қандай тағамдар ішкен дұрыс

Oinet.kz 27-04-2020 1940

Нутрициология кафедрасының меңгерушісі, қазақ тағамтану академиясының жетекші маманы Майгүл Сейдоллақызы карантин кезінде ораза ұстау адам ағзасы үшін пайдалы екенін айтады. Маманның сөзінше, тіпті ауызды бекіту арқылы иммунитетті күшейтуге болады екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап. 

image.png

Нутрициолог маманның кеңесінше, карантинде қозғалыс азаяды, сәйкесінше ішіп-жем мөлшерін кеміткеннің пайдасы бар. Тек бірнеше қағиданы ескерген жөн. Рациондағы тамақ құнарлығы ағзаға салмақ түсірмей, керісінше күш-қуат беретіндей дәруменге толы болуы тиіс. Сондықтан таңдауды фаст фуд өнімдеріне емес, ыстық ас-суға түсірген абзал. Сонымен бірге, Майгүл Сейдоллақызы сәреге дейінгі уақытта көбірек сұйықтықты тұтынуға кеңес береді.

- "Таң сәресіне әр түрлі дәнді-дақылдардан жасалған өнімдер пайдалы. Соның ішінде арпа, сұлы, бидай, күріштен жасалған ботқалар болуы мүмкін. Немесе сорпалар болуы мүмкін және бұршақ тұқымдастары, әр түрлі үрме бұршақ күні бойы адамға тойымдылық қасиет береді және жұмыс істейтін адамдар үшін өте пайдалы", - дейді маман. 

Айта кетейік бұған дейін проталымызға сұхбат берген Instagram желісіндегі танымал диетолог Нұрила Азизқызы қасиетті Рамазан айында ауыз бекітіп, ораза тұтатын халықты дұрыс тамақтануға шақырған еді. 

Маманның айтуынша, ораза кезінде дұрыс тамақтанудың адам денсаулығына пайдасы орасан зор. Одан бөлек, сәресінен кейін бірнеше сағат бойы қажетті энергияны алып, тез шаршап қалмау үшін тағамды сауатты таңдай білу керек. 

Үй жағдайында шаш күтіміне арналған маскалар
Музыкатерапия: «Музыка мен жан әлемінің байланысы»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу